Бұлшықет атрофиясы және қант диабеті: әлеуметтік маңызы бар препараттар арзандайды

© Photo : Unsplash / Melany @ tuinfosalud.comДәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
"АстраЗенека" бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін бірқатар өмірлік маңызды препараттардың бағасын төмендетуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мен ірі фармакомпаниялар әлеуметтік маңызы бар препараттардың бағасын төмендетуге келісті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрлік дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша "Химфарм" АҚ, "Johnson & Johnson Kazakhstan" ЖШС және "АстраЗенека Қазақстан" ЖШС сияқты жетекші фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Келісімдер бірқатар қымбат және әлеуметтік маңызы бар препараттың бағасын төмендетуге бағытталған.
"Жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялармен меморандумдар жасасу фармацевтикалық нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға, пациенттердің қазіргі заманғы препараттарға қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ инвестициялық ахуалды дамытуға және өндірісті оқшаулауға ықпал ететініне сенімдіміз", - деді министр Ақмарал Әлназарова.
Келісім шеңберінде "АстраЗенека" бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін бірқатар өмірлік маңызды препараттардың бағасын төмендетуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар меморандум шеңберінде Johnson & Johnson компаниясы жұлынның бұлшықет атрофиясын емдеу үшін қолданылатын препарат баға саясатын қайта қарайды.
"Химфарм" АҚ-мен арадағы меморандум нәтижесінде компания 2 типті қант диабетін емдеу үшін қолданылатын препараттың сатып алу бағасын төмендетуге дайын екенін растады.
Министрлік мәліметінше, бұл әлемдегі ең көп таралған инфекциялық емес аурулардың бірі және Қазақстанда 520 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады, оның 492 335-і 2 типті қант диабетіне қатысты.
Глава региона добился снижения цен на социально-значимые продукты питания в рамках единой торговой сети - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Қазақстанда көкөніс бағасы арзандап жатыр
Жаңалықтар
0