Түркістан облысында 72 тік дренажды ұңғыма қолданысқа берілді

© Photo : Пресс-служба министерства водных ресурсов и ирригации КазахстанаТүркістан облысындағы су арналарын жаңғырту жұмыстары
Түркістан облысындағы су арналарын жаңғырту жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Сауран ауданында 72 тік дренажды ұңғыма қазылып, қолданысқа берілді, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Әр ұңғыма 45 метр тереңдіктен секундына 60 литр жерасты суын береді. Бұл егіс алқабына қосымша су жіберу үшін қажет.
Сонымен қатар Ордабасы ауданында 44 тік дренажды ұңғыманың 17-сі жөнделді. Оның ішінде 10 ұңғыма қолданысқа берілді.
Министрліік хабарлағандай, бұл ұңғымалар сор шаю жұмыстары үшін де өте маңызды. Нәтижесінде топырақтың құнарлығы артып, әр гектардың өнімділігі ұлғаяды.
"Алғаш рет Астана су қоймасында ауқымды тазалау жұмыстарын бастадық. Келесі кезекте Шардара су қоймасының түбін тазалау үшін жерснарядтар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сол секілді Бөген қоймасын да тазарту мәселесін пысықтау керек. Бұл қоймаға жиналатын су көлемін арттыруға мүмкіндік береді", - деді министр Нұржан Нұржігітов.
Өңірге сапары барысында министр Бөген су қоймасына да барды. Қойманың жалпы сыйымдылығы 370 млн текше метр. Нысан 67 мың гектар егіс алқабын сумен қамтып отыр. Бүгінде шаруаларға секундына 50 текше метр су жіберіліп жатыр, дейді министрлктегілер.
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Солтүстік Қазақстанда су құбырын тартуға 45 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар
0