Ертіс жағасында веломобиль мінген зейнеткер қайтыс болды – төрт адам ауруханаға түсті

© Photo : Sergek GroupЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2025
Жазылу
Төмен қарай түскенде веломобильді басқара алмай, темір тосқауылға соғылған
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Павлодарда Ертістің жағасында веломобиль мінген зейнеткер қайтыс болды. Онымен бірге болған үш бала мен әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бес адам өзеннің жағасында төрт дөңгелекті веломобиль тепкен. Ал төмен қарай түскенде оны басқара алмай, темір тосқауылға соғылған.
"Жедел жәрдем оқиға орнына 6 минутта барды. Өкінішке қарай, 69 жастағы зейнеткер алған ауыр жарақатынан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Ал веломобильде болған 2010, 2015 мен 2018 жылға балалар облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың 39 жастағы анасы да ауруханаға жатқызылды.
Полиция осы оқиға бойынша тексеріс шараларын бастады.
Жаңалықтар
0