ЕАЭО сауда-саттығындағы Африканың үлесі 4%-дан асты

© Photo : АО НК “Kazakh Invest"Казахстанская делегация в Нигерии
Казахстанская делегация в Нигерии - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Африка құрлығының сыртқы саудасындағы ЕАЭО-ның үлесі бір жыл бұрынғы 1,91%-дан 2,74%-ға дейін артты, деп хабарлады ЕЭК.
Нәтижесінде 2024 жылдың соңына қарай ЕАЭО жалпы сауда көлемі бойынша Африканың 10 ірі сауда серіктесінің қатарына қосылды.
Сонымен қатар 2024 жылы ЕАЭО сауда-саттығындағы Африканың үлесі 4%-дан асып (42,8 млрд доллар), алғаш рет Американың барлық еліне жеткізілімнен асып түсті.
Африка елдерінің әлемдік импортында ЕАЭО үлесі одан да жоғары – 3,24% немесе 25,9 млрд доллар. Одақ Африкаға ірі экспорттаушылар арасында сегізінші орында.
ЕО елдерінің сыртқы саудасын біріктіретін болсақ, ЕАЭО Африканың жетінші ірі сауда серіктесі және макроөңір елдеріне алтыншы ірі экспорттаушы болады. ЕАЭО Азиямен де табысты сауда жасап отыр.
Одақ мемлекеттерінің барлық сыртқы саудасының ( жалпы 977 миллиард доллардан астам) 602,8 миллиарды немесе 62 пайызға жуығы Азия елдерінің үлесіне тиеді. Аймақ елдерінің үлесіне ЕАЭО-ның барлық экспортының шамамен 65% және барлық импортының шамамен 58% тиесілі.
Жаңалықтар
0