https://sputnik.kz/20250706/toqaev-qazaqstandyqtardy-astana-kunimen-quttyqtady-55431371.html
"Орталық Еуразия жауһары": Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
"Орталық Еуразия жауһары": Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. 06.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-06T10:02+0500
2025-07-06T10:02+0500
2025-07-06T10:05+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55305651_0:44:1280:764_1920x0_80_0_0_738514b4938d5a62cd6014093ac5dbab.jpg
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Президенттің сөзінше, дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді."Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі. Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін", - деген мемлекет басшысы елорданың өркендеп, гүлдене беруіне тілектестік білдірді.
https://sputnik.kz/20250706/qazaqstandyqtar-astana-kunin-atap-otip-zhatyr-55367076.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55305651_102:0:1179:808_1920x0_80_0_0_1f9e44059228f4300723cb856f88cc61.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
"Орталық Еуразия жауһары": Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
10:02 06.07.2025 (жаңартылды: 10:05 06.07.2025) АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.
"Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі", - деді ол.
Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Президенттің сөзінше, дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.
"Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі. Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін", - деген мемлекет басшысы елорданың өркендеп, гүлдене беруіне тілектестік білдірді.