https://sputnik.kz/20250706/reseydin-qazaqstandagy-elshisi-elordalyqtardy-astana-kunimen-quttyqtady-55433556.html
Ресейдің Қазақстандағы елшісі елордалықтарды Астана күнімен құттықтады
Ресейдің Қазақстандағы елшісі елордалықтарды Астана күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астана тұрғындарын елорда күнімен құттықтады. 06.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-06T12:12+0500
2025-07-06T12:12+0500
2025-07-06T12:14+0500
астана күні
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53196357_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_dda5957245b09d2d07e7d87d17f187ae.jpg
АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астана тұрғындарын елорда күнімен құттықтады."Бүгінде Астана әкімшілік және саяси орталық қана емес, сонымен қатар еуразиялық интеграцияның маңызды торабы. Мұнда еуразиялық мемлекеттер орнықты даму мақсатына қол жеткізу, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық прогресті ынталандыру үшін өз күш-жігерін біріктіреді", - делінген құттықтауда.Ресей дипломатының айтуынша, Астананың өсу қарқыны, сәулетті келбеті және мәдениетаралық диалог атмосферасы таңғалдырады.Алексей Бородавкин елорда өмір, бизнес пен туризм үшін барған сайын жайлы әрі тартымды бола отырып, сенімді дамып келетінін атап өтті."Астана мен Мәскеу, сондай-ақ басқа да Ресей өңірлері арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық Қазақстан - Ресей достығын, одақтастық қатынастар мен интеграциялық байланысты нығайтуға ықпал ете отырып, одан әрі кеңейе беретініне сенімдімін", - деп атап өтті елші.Бородавкин қала басшысына жұмыста жаңа табыстар, ал елорда тұрғындарына амандық, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
https://sputnik.kz/20250706/qazaqstandyqtar-astana-kunin-atap-otip-zhatyr-55367076.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53196357_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_43539a744d70800d05e75a231b6c2b33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана күні
Ресейдің Қазақстандағы елшісі елордалықтарды Астана күнімен құттықтады
12:12 06.07.2025 (жаңартылды: 12:14 06.07.2025) АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астана тұрғындарын елорда күнімен құттықтады.
"Бүгінде Астана әкімшілік және саяси орталық қана емес, сонымен қатар еуразиялық интеграцияның маңызды торабы. Мұнда еуразиялық мемлекеттер орнықты даму мақсатына қол жеткізу, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық прогресті ынталандыру үшін өз күш-жігерін біріктіреді", - делінген құттықтауда.
Ресей дипломатының айтуынша, Астананың өсу қарқыны, сәулетті келбеті және мәдениетаралық диалог атмосферасы таңғалдырады.
Алексей Бородавкин елорда өмір, бизнес пен туризм үшін барған сайын жайлы әрі тартымды бола отырып, сенімді дамып келетінін атап өтті.
"Астана мен Мәскеу, сондай-ақ басқа да Ресей өңірлері арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық Қазақстан - Ресей достығын, одақтастық қатынастар мен интеграциялық байланысты нығайтуға ықпал ете отырып, одан әрі кеңейе беретініне сенімдімін", - деп атап өтті елші.
Бородавкин қала басшысына жұмыста жаңа табыстар, ал елорда тұрғындарына амандық, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.