Астана күні елордада 39 сәби дүниеге келді

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуМладенец
Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Жазылу
АСТАНА 6 шілде - Sputnik. Астана күні елордада 39 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Астанада 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін 39 нәресте дүниеге келді – олардың 22-сі – ұл, 17-сі – қыз бала.
"Жүкті әйелдер бірнеше медициналық мекемеде босанды: №3 көпбейінді аурухана, №2 көпбейінді аурухана, перинаталдық орталық, сондай-ақ "Рахат" және өзге де жекеменшік клиникаларда", - делінген хабарламада.
Дүниеге келген сәбилер мен олардың аналарының жағдайы жақсы, барлығы қажетті медициналық күтіммен қамтамасыз етілді, дейді дәрігерлер.
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025
Қазақстандықтар Астана күнін атап өтіп жатыр
Жаңалықтар
0