"Қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұр": Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

© AP Photo Первый президент Казахстана, Лидер нации Нурсултан Назарбаев (слева) и действующий президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Первый президент Казахстана, Лидер нации Нурсултан Назарбаев (слева) и действующий президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Жазылу
Президент мерейто иесінің Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

"Сондай-ақ мемлекет басшысы тұңғыш президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен", - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.
Жаңалықтар
0