Алматы облысында баланы басып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Жазылу
Полиция қылмыстық іс қозғады
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылында жүргізуші көлігімен баланы басып өтіп, қашып кеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Жантүршігерлік оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда Lexus RX300 жүргізушісі велосипед мінген баланың үстінен басып өтіп, сол күйі тоқтамастан ізін суытқан. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"4 шілдеде Lexus RX 300 жүргізушісі Көкөзек ауыл Еркіндік көшесіндегі дүкеннің жанында артқа қарай жүріп, велосипедпен жүрген 6 жастағы баланы басып кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды", - дейді ведомство.
Полицияның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0