https://sputnik.kz/20250705/almaty-oblysynda-100-ga-egistik-qurap-zhatyr---ministrlik-ne-deydi-55407852.html
Алматы облысында 100 га егістік қурап жатыр - министрлік не дейді
Алматы облысында 100 га егістік қурап жатыр - министрлік не дейді
Sputnik Қазақстан
Министрлік жұмыс тобын құрып аумақты барып тексерген 05.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-05T14:53+0500
2025-07-05T14:53+0500
2025-07-05T14:53+0500
алматы облысы
егістік
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53690751_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_3842d1798981cb1fa37acdbfd8aee5fb.jpg
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында суармалы су тапшылығы жоқ,. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі әлеуметтік желіде жазды.Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында 100 га егістік алқап суарылмай, қурап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Министрлік жұмыс тобын құрып аумақты барып тексерген.Шын мәнінде "Қазсушардың" "Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалымен су жеткізу бойынша келісімшарттары болмағандықтан, 9 гектар жер суарылмаған."Елді мекенге су Күрті су қоймасынан оң жағалау магистральдық каналы арқылы жеткізіледі. Суару маусымы 16 мамырда басталған. Ал Үлкен Алматы каналының филиалы сәуір айының аяғында шаруаларды келісімшартқа отыруға шақыра бастаған", - дейді министрлік.Мамыр айының басында Күрті су қоймасындағы су көлемі 101,68 млн текше метр болды. Бүгінге дейін Оң жағалау магистральдық каналы арқылы 3,6 млн текше метр су берілді, Сол жағалау магистральдық каналы арқылы 6 млн текше метрден астам су берілді.Су беру жұмыстарының келешекте кешігуіне жол бермес үшін жұмыс тобының өкілдері филиалға суару маусымы басталмай тұрып су беру жөнінде келісімшарттар жасасуды ұсынды. Сондай-ақ каналдарды механикалық әдіспен тазарту мәселесі қарастырылып жатыр.
https://sputnik.kz/20250703/soltustik-qazaqstanda-su-qubyryn-tartuga-45-mlrd-tenge-bolindi-55323852.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53690751_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_8327c3181428f512527f736d1b74743a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, егістік
Алматы облысында 100 га егістік қурап жатыр - министрлік не дейді
Министрлік жұмыс тобын құрып аумақты барып тексерген
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында суармалы су тапшылығы жоқ,. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі әлеуметтік желіде жазды.
Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылында 100 га егістік алқап суарылмай, қурап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Министрлік жұмыс тобын құрып аумақты барып тексерген.
"Су министрлігінің жұмыс тобы Алматы облысы Іле ауданының Ақши ауылында шаруа қожалықтары мен ауыл әкімдігі өкілдерімен кездесті. Ақши ауылында су тапшылығы салдарынан 100 гектар егіс алқабының құрғап жатқаны туралы бұрын тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды", - деп жазды ведомстводағылар.
Шын мәнінде "Қазсушардың" "Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалымен су жеткізу бойынша келісімшарттары болмағандықтан, 9 гектар жер суарылмаған.
"Елді мекенге су Күрті су қоймасынан оң жағалау магистральдық каналы арқылы жеткізіледі. Суару маусымы 16 мамырда басталған. Ал Үлкен Алматы каналының филиалы сәуір айының аяғында шаруаларды келісімшартқа отыруға шақыра бастаған", - дейді министрлік.
Мамыр айының басында Күрті су қоймасындағы су көлемі 101,68 млн текше метр болды. Бүгінге дейін Оң жағалау магистральдық каналы арқылы 3,6 млн текше метр су берілді, Сол жағалау магистральдық каналы арқылы 6 млн текше метрден астам су берілді.
Су беру жұмыстарының келешекте кешігуіне жол бермес үшін жұмыс тобының өкілдері филиалға суару маусымы басталмай тұрып су беру жөнінде келісімшарттар жасасуды ұсынды. Сондай-ақ каналдарды механикалық әдіспен тазарту мәселесі қарастырылып жатыр.