Жемқорлардың көбісі қай жерде жұмыс істейді

© Sputnik / Абзал КалиевҚолдағы ақша
Қолдағы ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Сотқа жіберілген істер бойынша әкімдіктер мен министрліктердің қызметкерлері аз емес
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Биыл Қазақстанда бес айдың ішінде 405 адам жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ranking.kz порталына сілтеме жасап.
Сотқа жіберілген істер бойынша әкімдіктер мен министрліктердің қызметкерлері аз емес. Олар:
66 адам - әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері;
49 адам - ішкі істер органдарының қызметкері;
16 адам - қаржы министрлігінің қызметкері;
11 адам - ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері;
7 адам - қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық үшін үш әкімнің және бір судьяның ісі сотқа жіберілді.
Ал пара алу ең жиі жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына кіреді. Пара алу бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері (22 адам), әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (13 адам), сондай-ақ, қаржы министрлігінің қызметкерлері (9 адам) жиі ұсталған.
Темекі өнімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
Жойылуға тиіс темекі үшін пара берген: Таразда үш адам сотталды
Жаңалықтар
0