Ұлытауда жаңа зауыт ашылды

© AFP 2024 / KIRILL KUDRYAVTSEVКоммунальщик в защитном костюме и респираторе
Коммунальщик в защитном костюме и респираторе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Зауытта жылына 5 миллион жеке қорғаныс құралы шығарылады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ұлытау облысында респиратор шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Жобаның құны – 800 миллион теңге. Зауытта жылына 5 миллион жеке қорғаныс құралы шығарылады. Ал 40-қа жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.
"Біз алдымен Ұлытау облысының өндірістері мен кәсіпорындарын қажетті өніммен қамтамасыз етеміз. Күзге қарай қуаттылығымызды арттырып, Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Ол уақытта өнімдеріміздің саны артып, қызметкерлер саны да көбейеді", - дейді инвестор Қалмұрат Мәдишев.
Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, 2025 жылы өңірде жалпы құны 138 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2028 жылға дейін 917 млрд теңгеге бағаланған 22 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылды. Бұның барлығы 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Казахстанско-французский завод по переработке урана запустили в Туркестанской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Түркістан облысында уран өңдеу зауыты іске қосылды
Жаңалықтар
0