Тоқаев АҚШ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Қазақстан басшысы екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысын тағы да растады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.
"Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Токаев принял члена Палаты представителей Конгресса США Кэрол Миллер - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Қазақстан мен АҚШ-тың тауар айналымы 4 млрд доллардан асты – Тоқаев
Жаңалықтар
0