Сәтқалиев Ұлттық ядролық орталықтың ғылыми-эксперименттік базасымен танысты

© Photo : Атом энергиясы жөніндегі агенттікСәтқалиев Ұлттық ядролық орталықтың ғылыми-эксперименттік базасымен танысты
Сәтқалиев Ұлттық ядролық орталықтың ғылыми-эксперименттік базасымен танысты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Отырыста ядролық және радиациялық қауіпсіздік, радиоактивті қалдықтарды басқару және тағы мәселелер талқыланды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Курчатов қаласында кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығында өткен кеңесте ғылыми-техникалық жобалар, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, радиоактивті қалдықтарды басқару және тағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар президенттің Қазақстанда толыққанды ядролық кластер қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары аясында орталықтың зерттеу инфрақұрылымын және кадрлық әлеуетін одан әрі дамыту жоспарлары қаралды.
"Сапар аясында агенттік төрағасы орталықтың бірегей ғылыми-эксперименттік базасымен танысты. Орталықта қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізілетін ядролық зерттеу қондырғылары, радиациялық стендтер мен заманауи зертханалар бар", - делінген ресми хабарламада.
Агенттік пен Ұлттық ядролық орталық атом ғылымы мен техникасының басым бағыттарын іске асыруға, сондай-ақ, өзара іс-қимылды нығайтуға күш салады.
Жаңалықтар
0