https://sputnik.kz/20250704/sarapshylar-ekonomikanyn-osimi-men-inflyatsiyaga-qatysty-bolzham-zhasady-55350217.html
Сарапшылар экономиканың өсімі мен инфляцияға қатысты болжам жасады
Сарапшылар экономиканың өсімі мен инфляцияға қатысты болжам жасады
Sputnik Қазақстан
Мұнай бағасы, экономиканың өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, теңге бағамы сауалнаманың негізгі параметрі болды 04.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-04T08:50+0500
2025-07-04T08:50+0500
2025-07-04T08:50+0500
экономика
инфляция
жіө
болжам
https://sputnik.kz/img/1259/51/12595153_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_528d85878cff62893d56788dcd1fd9d7.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сауалнамаға Қазақстанда макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 16 ұйым қатысты.Мұнай бағасы және экономиканың өсіміАналитиктер барлық болжамды кезеңде мұнай бағасы баррель үшін 68,5-69 АҚШ доллары деңгейінде болады деп болжады.2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжам 5%-дан 5,1%-ға, 2026 жылға – 4,5%-дан 4,6%-ға, ал 2027 жылға – 4,3%-дан 4,5%-ға дейін жоғарылады.Инфляция және базалық мөлшерлемеИнфляция бойынша аналитиктердің болжамы болжамдық кезеңде әртүрлі бағытта өзгерді:Респонденттер базалық мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін қазіргі деңгейде сақталады деп болжайды – медиана 16,3%-дан 16,5%-ға дейін өсті. 2026 жылға болжамдар 14,5%-дан 14%-ға дейін, 2027 жылға – 12%-дан 11,8%-ға дейін төмендеді.Атап өтетін жайт, макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық банктің болжамдары көрсетілмейді.
https://sputnik.kz/20250627/premer-ekonomikaga-salynatyn-qarzhynyn-eki-esege-osetinin-malimdedi-55150952.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/51/12595153_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_40b23f6ef351714394af9c1baa8cb7af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика, инфляция, жіө, болжам
экономика, инфляция, жіө, болжам
Сарапшылар экономиканың өсімі мен инфляцияға қатысты болжам жасады
Мұнай бағасы, экономиканың өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, теңге бағамы сауалнаманың негізгі параметрі болды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сауалнамаға Қазақстанда макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 16 ұйым қатысты.
Мұнай бағасы және экономиканың өсімі
Аналитиктер барлық болжамды кезеңде мұнай бағасы баррель үшін 68,5-69 АҚШ доллары деңгейінде болады деп болжады.
2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжам 5%-дан 5,1%-ға, 2026 жылға – 4,5%-дан 4,6%-ға, ал 2027 жылға – 4,3%-дан 4,5%-ға дейін жоғарылады.
Инфляция және базалық мөлшерлеме
Инфляция бойынша аналитиктердің болжамы болжамдық кезеңде әртүрлі бағытта өзгерді:
2025 жылға – медиана 10,7%-дан 11%-ға дейін өсті,
2026 жылға – 9,4%-дан 9%-ға дейін төмендеді,
2027 жылға – 6,8%-дан 7%-ға дейін өсті.
Респонденттер базалық мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін қазіргі деңгейде сақталады деп болжайды – медиана 16,3%-дан 16,5%-ға дейін өсті. 2026 жылға болжамдар 14,5%-дан 14%-ға дейін, 2027 жылға – 12%-дан 11,8%-ға дейін төмендеді.
Атап өтетін жайт, макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық банктің болжамдары көрсетілмейді.