Көршілері құтқарып қалған: танымал рэпер әйелін белдікпен сабап тастады

© Sputnik / Тимур БатыршинЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Сотта тараптар жәбірленуші жазған жазбаша өтініш негізінде татуласқан
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. "Qurt" атымен танымал белгілі қазақстандық рэпер Дамир Қойшыбаев әйелін белдікпен көк ала қойдай қылып сабап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы Дамир Қойшыбаевтың әйелі Аружан жария етті. Ол тіпті айғақ ретінде фотоларын да жариялаған. Айтуынша, күйеуі белдікпен бір сағат бойы ұрған.

"Көмектесіңіздер, құтқарыңыздар, мені өлтіріп жатыр" деп айқайлаған дауысымды естіген көршілер сыртқа шығып, мені құтқарып қалды", - деп жазды рэпердің әйелі.

Ол күйеуін қатты жақсы көргендіктен, бұл туралы жариялауға қорыққан. Рэпер кейін достарымен келіп, оны видеоға "ешқандай шағымым жоқ" деп айтуға мәжбүрлеген.
Астана қалалық полиция департаменті оқиғаның 27 маусымда болғанын айтады.
"Жәбірленуші 102 "каналына жүгінген. Агрессорға қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Құқық бұзушы уақытша қамауға алынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер" бойынша іс сот органына берілді. Алайда, сотта тараптар жәбірленуші жазған жазбаша өтініш негізінде татуласты. Қазіргі уақытта оқиға бойынша басқа мәлімдемелер түскен жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Полицияның айтуынша, танымал рэпердің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Шешім қабылданған бойда қосымша ақпарат беріледі, деді тәртіп сақшылары.
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Таразда депутатты соққыға жықты
Жаңалықтар
0