Киіктердің санын реттеу жұмыстары басталды – бірнеше комбинат ет қабылдайды

Киік - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының аумағында киіктердің санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Киік популяциясын реттеу шараларына 40-қа жуық маман тартылып отыр. Олардан 4 арнайы бригада жасақталды. Әр бригадаға 3 техника берілді.
"Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Атап айтқанда, бұл өнімдерді "Кублей" ЖШС, "Жеңіс" ЖК, "Батыс-Нық" ЖШС және "Хаиров" ЖК қабылдайды. Болашақта тағы басқа ет комбинаттарының да бұл іске атсалысуы жоспарланып отыр", - дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.
Биылғы авиациялық есепке сәйкес, Батыс Қазақстан облысында киіктердің жалпы саны 2,3 млн басқа жеткен. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, оның тек 20 пайызына, яғни 460 мыңға дейін ғана реттеу жүргізуге болады. Бұл жұмыстар 30 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кетері, жақында киіктердің санын азайтуға қатысты шешім қабылданған болатын.
Киік - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Қазақстан Қытайға 1500 киік сыйға тартады
Жаңалықтар
0