ЕАЭО елдеріндегі ауыл шаруашылығы сапалы қайта құрулар табалдырығында тұр - ЕЭК министрі

© Photo : Официальная страница акимата области АбайАстық
Астық - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. ЕАЭО елдерінің агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар одақ тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналып жатыр, деп мәлімдеді ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян.
ЕЭК хабарлауынша, министр бұл жөнінде Волгоградта өткен Бүкілресейлік дала күні-2025 пленарлық отырысында айтты.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ауыл шаруашылығы сапалы қайта құрулар табалдырығында тұр. Агроөнеркәсіптік нарықты цифрлық үлгіге трансфоомациялау ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдету құралдарының бірі болып табылады. ЕЭК пен ұлттық үкіметтердің күш-жігері осы бағытқа шоғырланған", - деді Гоар Барсегян.
Кездесуде ұшқышсыз технологиялар, цифрлық мониторинг және роботтандыру арқылы өсімдік шаруашылығындағы тиімділікті арттыру арттыру мәселелері талқыланды
"Агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен кооперация жобаларын іске асыру өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға, технологиялық жетілдіруге, мемлекетаралық сауда-экономикалық байланыстарды және өзара инвестицияларды құруға ықпал етеді", - деді ЕЭК министрі.
Гоар Барсегян ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, ортақ ауыл шаруашылығы нарығын реттеу үшін ортақ мақсаттарға қол жеткізу бойынша келісілген әрекеттердің маңыздылығын айтты.
Жаңалықтар
0