https://sputnik.kz/20250704/aqtobede-eki-zeynetkerdi-oltirgen-er-adam-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-55350855.html
Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Қаскүнем соттан өмір бойына бас бостандығынан айырмауды сұрады 04.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-04T09:11+0500
2025-07-04T09:11+0500
2025-07-04T09:12+0500
өмір бойына соттау
адам өлтіру
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтіріп, олардың қызын кепілге алған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.Қылмыс 2025 жылдың 13 қаңтарында болды. Қанды оқиға болған күні 38 жастағы ер адам зейнеткерлердің үйіне терезеден кіріп, үй иелерінің келуін күтіп отырған. Әйел келген бойда 20 рет пышақ жарақатын салып, жертөлеге тастаған. Осыдан кейін оның қызына тап беріп, қол-аяғын байлап тастаған.Кейін отағасын пышақтап, балтамен ұрып, жертөлеге тастаған. Ерлі-зайыпты алған жарақатынан көз жұмды.Сотталушы екі адамды өлтірді, өмірге қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бас бостандығынан айырды және денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталды.Сотталушы марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады. Отбасылы, кішкентай баласы бар екенін, оны өсіргісі келетінін айтып, қатаң жаза кесуді, бірақ өмір бойына бас бостандығынан айырмауды сұрады.Дегенмен сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, бұған қоса ол қайтыс болған зейнеткердің туыстарына материалдық шығын үшін 7 миллион теңге және моральдық шығын үшін 20 миллион теңге өтеуге тиіс.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өмір бойына соттау, адам өлтіру, ақтөбе облысы
өмір бойына соттау, адам өлтіру, ақтөбе облысы
Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
09:11 04.07.2025 (жаңартылды: 09:12 04.07.2025) Қаскүнем соттан өмір бойына бас бостандығынан айырмауды сұрады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ақтөбеде екі зейнеткерді өлтіріп, олардың қызын кепілге алған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына
сілтеме жасап.
Қылмыс 2025 жылдың 13 қаңтарында болды. Қанды оқиға болған күні 38 жастағы ер адам зейнеткерлердің үйіне терезеден кіріп, үй иелерінің келуін күтіп отырған. Әйел келген бойда 20 рет пышақ жарақатын салып, жертөлеге тастаған. Осыдан кейін оның қызына тап беріп, қол-аяғын байлап тастаған.
Кейін отағасын пышақтап, балтамен ұрып, жертөлеге тастаған. Ерлі-зайыпты алған жарақатынан көз жұмды.
"Зейнеткерлерді өлтірген адам олардың қызын кепілде ұстаған. Полиция онымен 3 сағат келіссөз жүргізген. Арнайы операция кезінде олар үйге басып кіріп, үй иесінің қызын босатып, жедел жәрдем шақырғанымен, қарттарды аман алып қала алмаған", - деп жазды басылым.
Сотталушы екі адамды өлтірді, өмірге қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бас бостандығынан айырды және денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталды.
Сотталушы марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады. Отбасылы, кішкентай баласы бар екенін, оны өсіргісі келетінін айтып, қатаң жаза кесуді, бірақ өмір бойына бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Дегенмен сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, бұған қоса ол қайтыс болған зейнеткердің туыстарына материалдық шығын үшін 7 миллион теңге және моральдық шығын үшін 20 миллион теңге өтеуге тиіс.