Тоқаев министрге көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды

© АкордаТоқаев көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Тоқаев көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Жазылу
Президент Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Көлік-логистика секторының жалпы ішкі өнімдегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
День независимости празднуют в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Тоқаев пен Назарбаев Александр Лукашенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0