https://sputnik.kz/20250703/qazaqstanda-zhasandy-intellekt-tegin-zangerlik-kenes-berudi-bastady-55325589.html
Қазақстанда жасанды интеллект тегін заңгерлік кеңес беруді бастады
Қазақстанда жасанды интеллект тегін заңгерлік кеңес беруді бастады
Sputnik Қазақстан
Жаңа сервис қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T10:30+0500
2025-07-03T10:30+0500
2025-07-03T10:46+0500
жасанды интеллект
тәуелсіз заңгер
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0a/54494104_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_6eb12dd00b700ff150c15532b574b58f.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін алғашқы заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.LegalExpert.kz жобасын Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарымен бірлесіп жасады. Сайтта жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық мәселелер бойынша тегін кеңес алуға болады. Бірақ алдымен электронды пошта арқылы тіркелу керек. Одан кейін заңға қатысты кез келген сұрақты қоюға болады. Жасанды интеллект сұрауды талдайды, қажет болған жағдайда нақтылау сұрақтарын қояды. Сосын екі минуттың ішінде қадамдық нұсқаулықты, заңдарға сілтемелерді, сот шешімдерінің мысалдарын, тіпті істің ықтимал нәтижелерінің болжамын шығарып береді.Жаңа сервис қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, ал мәтіндер пайдаланушының құқықтық сауаттылығы деңгейіне бейімделген.LegalExpert.kz заңдарды түсіндіріп қана қоймай, сотта істердің қалай жүргізілгенін, қандай тәуекелдер болуы мүмкін екенін де айта алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0a/54494104_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_48886d9cc4483457b05934bef23b0527.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект, тәуелсіз заңгер
жасанды интеллект, тәуелсіз заңгер
Қазақстанда жасанды интеллект тегін заңгерлік кеңес беруді бастады
10:30 03.07.2025 (жаңартылды: 10:46 03.07.2025) Жаңа сервис қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін алғашқы заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. LegalExpert.kz жобасын Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарымен бірлесіп жасады.
Сайтта жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық мәселелер бойынша тегін кеңес алуға болады. Бірақ алдымен электронды пошта арқылы тіркелу керек. Одан кейін заңға қатысты кез келген сұрақты қоюға болады.
Жасанды интеллект сұрауды талдайды, қажет болған жағдайда нақтылау сұрақтарын қояды. Сосын екі минуттың ішінде қадамдық нұсқаулықты, заңдарға сілтемелерді, сот шешімдерінің мысалдарын, тіпті істің ықтимал нәтижелерінің болжамын шығарып береді.
"Заңгерлерге жүгінудің 70%-дан астамы жалақы төлемеу, ажырасу, алимент, жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен даулармен байланысты. Біз 100 мыңнан астам сот шешімін талдадық және мұндай жағдайларда тегін және тез көмектесетін жүйе құрдық. Енді әрбір қазақстандықтың кез келген құрылғыдан: смартфоннан, планшеттен немесе компьютерден қолжетімді заңды көмекшісі бар", – дейді жоба авторларының бірі, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Лариса Құсайынова.
Жаңа сервис қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, ал мәтіндер пайдаланушының құқықтық сауаттылығы деңгейіне бейімделген.
LegalExpert.kz заңдарды түсіндіріп қана қоймай, сотта істердің қалай жүргізілгенін, қандай тәуекелдер болуы мүмкін екенін де айта алады.