https://sputnik.kz/20250703/politsiyamen-daulasqan-astana-turgyny-zhauapqa-tartyldy-55340202.html
Полициямен дауласқан Астана тұрғыны жауапқа тартылды
Полициямен дауласқан Астана тұрғыны жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T16:37+0500
2025-07-03T16:37+0500
2025-07-03T16:37+0500
астана
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55076629_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_696d6821141187a7ba9e8f3382077ee5.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полицияның жұмысына кедергі жасаған ер адамға айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сот материалдарына сәйкес, полицейлер қызметтік міндеттерін орындап жатқанда ер адам оларға жақындап, пікірталасқа түскен. Оған бірнеше рет араласпауға өтініш жасалды. Бірақ ер адам полицияның жұмысына кедергі жасауды жалғастырған. Тіпті, тәртіп сақшыларына тіл тигізетін сөздер айтқан.Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. "Сол кезде азаматтық борышымды орындадым" деп мәлімдеді.Ал Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667-бабы, 1-бөлігі (полицияның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша 30 АЕК (117 960 теңге – 2025 жылда) көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250621/qaragandyda-munay-onimderin-zansyz-saqtagan-kasiporynga-7-mln-tenge-ayyppul-salyndy-54973983.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55076629_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_d0e34e731ae3888a50b1a1a6d40817a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, полиция
Полициямен дауласқан Астана тұрғыны жауапқа тартылды
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полицияның жұмысына кедергі жасаған ер адамға айыппұл салды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, полицейлер қызметтік міндеттерін орындап жатқанда ер адам оларға жақындап, пікірталасқа түскен. Оған бірнеше рет араласпауға өтініш жасалды. Бірақ ер адам полицияның жұмысына кедергі жасауды жалғастырған. Тіпті, тәртіп сақшыларына тіл тигізетін сөздер айтқан.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. "Сол кезде азаматтық борышымды орындадым" деп мәлімдеді.
Ал Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667-бабы, 1-бөлігі (полицияның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша 30 АЕК (117 960 теңге – 2025 жылда) көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.
"Сот қаулысымен ер адам полиция қызметкерлерінің қызметін орындауына араласқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 30АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.