https://sputnik.kz/20250703/oqu-agartu-ministrligi-pedstart-olimpidasy-boyynsha-malimdeme-zhasady-55332199.html
Оқу-ағарту министрлігі "Педстарт" олимпидасы бойынша мәлімдеме жасады
Оқу-ағарту министрлігі "Педстарт" олимпидасы бойынша мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Министрлік ұсынған олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілген 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T12:35+0500
2025-07-03T12:35+0500
2025-07-03T12:35+0500
олимпиада жүлдегерлері
https://sputnik.kz/img/07e9/02/07/50634213_0:29:886:527_1920x0_80_0_0_4d9e08de4013c4b6015d5c17ee8a202b.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Педстарт" олимпидасы заңсыз өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде "Педстарт" атты олимпиаданың ақылы негізде өткізілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламада министрліктің фирмалық бланкісін пайдаланған.Қазіргі кезде білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік ақылы әрі күмәнді олимпиадалар мен байқауларға қатыспау қажеттігін ескертті.Осындай жағдайлар анықталған жағдайда дереу өңірлік білім беру ұйымдарына немесе білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетіне хабар беру керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/07/50634213_0:0:868:651_1920x0_80_0_0_77dd904ef2d8afa45593e9e485cc1ceb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада жүлдегерлері
Оқу-ағарту министрлігі "Педстарт" олимпидасы бойынша мәлімдеме жасады
Министрлік ұсынған олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілген
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Педстарт" олимпидасы заңсыз өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде "Педстарт" атты олимпиаданың ақылы негізде өткізілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламада министрліктің фирмалық бланкісін пайдаланған.
"Оқу-ағарту министрлігінің бұл олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз. Ал министрліктің фирмалық бланкін заңсыз пайдаланып, жалған хабарлама таратқан тұлғалардың әрекеті заңға қайшы", - дейді министрліктің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.
Қазіргі кезде білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік ақылы әрі күмәнді олимпиадалар мен байқауларға қатыспау қажеттігін ескертті.
"Министрлік ұсынған олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілген. Осы тізімге енгізілген іс-шаралар ғана педагогтердің аттестациясы кезінде есепке алынады. Баршаңызды абай болуға шақырамыз", - дейді Амангелдіқызы.
Осындай жағдайлар анықталған жағдайда дереу өңірлік білім беру ұйымдарына немесе білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетіне хабар беру керек.