https://sputnik.kz/20250703/gani-ake-oqu-agartu-ministri-qazaqstandyq-235-oqushydan-khat-aldy-55345230.html
"Ғани әке…": оқу-ағарту министрі қазақстандық 235 оқушыдан хат алды
"Ғани әке…": оқу-ағарту министрі қазақстандық 235 оқушыдан хат алды
Sputnik Қазақстан
Министрге хат жолдағандардың 56%-ы қыздар болса, 44%-ы — ұлдар 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T21:43+0500
2025-07-03T21:43+0500
2025-07-03T21:43+0500
министрлік
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55344696_0:50:960:590_1920x0_80_0_0_149422ce10c810de8d317a7a7df72641.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. "Министрге хат" акциясы аясында 235 қазақстандық бала еліміздің бас ұстазына хат жолдады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.2025 жылғы 27 мамыр мен 2 маусым аралығында "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында "Министрге хат" атты акция өтті.Ол хаттардың оны зор әсерге бөлегені сонша өзін балалармен жеке сөйлесіп отырғандай сезінгендей. Министр ерекше көңіл бөлдірген бір хатпен бөлісті. Оны Тараз қаласындағы №66 мектептің 7-сынып оқушысы Артем Погорелов жолдаған.Ол патронаттық отбасында тәрбиеленіп, әрі қазақ мектебінде оқиды. Мектеп жаңалықтарынан хабар жүргізіп, болашақта журналист болуды армандайды.Ғани Бейсембаев қазіргі уақытта хатта көрсетілген мәселелер бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, өтініштердің барлығы жүйеленіп, пысықталып жатқанын хабарлады. Кейбір мәселені нақты шешу үшін алдағы уақытта талқылаулар мен пікір алмасулар ұйымдастырылады.Министрлік хабарлауынша, қатысушылардың жас ерекшелігі де әрқалай:Талдауға сәйкес, министрге хат жолдағандардың 56%-ы қыздар болса, 44%-ы — ұлдар.
https://sputnik.kz/20250603/birinshi-synypqa-eki-ayda-200-mynnan-astam-bala-qabyldandy--ministrlik-54238693.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55344696_54:0:907:640_1920x0_80_0_0_39e5c7369412b73e0f86ffafaceec2b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, оқушы
"Ғани әке…": оқу-ағарту министрі қазақстандық 235 оқушыдан хат алды
Министрге хат жолдағандардың 56%-ы қыздар болса, 44%-ы — ұлдар
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. "Министрге хат" акциясы аясында 235 қазақстандық бала еліміздің бас ұстазына хат жолдады, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігі.
2025 жылғы 27 мамыр мен 2 маусым аралығында "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында "Министрге хат" атты акция өтті.
"Бүгінгі күні 235 хат келіп түсті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген хаттардың әрқайсын зейін қойып, асықпай, мұқият оқып шықтым. Шындығында ашық жазылған ұсыныс пікірлер, жүрек жарды тілектер мен жас балаға тән таза бұлақтай ойға толы хаттар мені қатты толғандырды", - деп жазды оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің парақшасында.
Ол хаттардың оны зор әсерге бөлегені сонша өзін балалармен жеке сөйлесіп отырғандай сезінгендей. Министр ерекше көңіл бөлдірген бір хатпен бөлісті. Оны Тараз қаласындағы №66 мектептің 7-сынып оқушысы Артем Погорелов жолдаған.
Ол патронаттық отбасында тәрбиеленіп, әрі қазақ мектебінде оқиды. Мектеп жаңалықтарынан хабар жүргізіп, болашақта журналист болуды армандайды.
"Өз хатын "Ғани әке…" деп бастаған екен. Әр сөзі мейірім мен ізгілікке толы. Сөздері де, сезімі де шынайы, жүрекке жылы тиді. Артемнің хатын бірнеше рет қайталап оқып шықтым. Айналайын Артем! Егер осы жазбаны оқып отырсаң, өзіңмен Астанада кездесуді жоспарлап отырмын. Сол кездесу өзің айтқан әке мен бала арасындағы әңгімедей болады деп сенемін", - деп жазды министр.
Ғани Бейсембаев қазіргі уақытта хатта көрсетілген мәселелер бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, өтініштердің барлығы жүйеленіп, пысықталып жатқанын хабарлады. Кейбір мәселені нақты шешу үшін алдағы уақытта талқылаулар мен пікір алмасулар ұйымдастырылады.
Министрлік хабарлауынша, қатысушылардың жас ерекшелігі де әрқалай:
ең белсенділер — 11-14 жастағы оқушылар, олардың үлесі 59%-ды құрайды;
15–17 жастағы жасөспірімдердің үлесі — 26%;
7–10 жас аралығындағы балалар — 15%.
Талдауға сәйкес, министрге хат жолдағандардың 56%-ы қыздар болса, 44%-ы — ұлдар.