"Еуразия жүрегіне саяхат": экспедициялық топ көне Таразға барды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАйша Бибі кесенесі
Айша Бибі кесенесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Жазылу
Бұл экспедиция мүшелері аяқ басқан 15-ші қала
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясының қатысушылары Қазақстанның көне қаласы - Таразға жетті.
Саяхатшылар сөзінше олар қазақстанның жазық даласынан таулы аймағына дейін куә болған.
Бұл экспедиция мүшелері аяқ басқан 15-ші қала.
Тараз қаласы саяхатшыларды тарихи-мәдени орындарымен, қазақы қонақжайлық дәстүрімен баурап алды.
"Еуразия жүрегіне саяхат" – Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің пікірлестерін біріктірген халықаралық жоба. 50 күн ішінде экспедицияға қатысушылар бес ел мен 30-дан астам қаланы аралайды. Әр қалада бизнес-форумдар, ғылыми сессиялар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.
Жобаның мақсаты – жаңа байланыстарды қалыптастыру, ортақ тарихи-мәдени кеңістікті нығайту және Орталық Азияда тұрақты ынтымақтастық алаңын құру.
Түркістандағы Тайқазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
"Еуразия жүрегіне саяхат" экспедициясы Түркістан қаласына жетті
Жаңалықтар
0