Екібастұзда диспетчер толғағы басталған әйелге телефон арқылы көмек көрсетті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту Младенец

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Жазылу
Ол әйелдің қоңырау шалған туыстарына не істеу керектігін айтып отырған
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Екібастұзда диспетчер толғағы басталған әйелге телефон арқылы көмек көрсетті. Бала жедел жәрдем келгенге дейін дүниеге келді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
27 жастағы әйелді қатты толғақ қысқан. Диспетчер шақыруды қабылдап, дәрігерлер келгенге дейін байланыста қалып, қоңырау шалған туыстарына не істеу керектігін нақтылап айтып отырған. Медициналық бригада алты минуттан кейін жетіп, салмағы шамамен 2,5 кг болатын қыз баланы және анасын облыстық перинаталдық орталыққа тұрақты жағдайда жеткізген.
"Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметінде 2019 жылдан бері қолданыла бастаған қоңырауды ұстап тұру функциясы жақсы нәтиже беруде", — дейді облыстық станция басшысының орынбасары Ольга Вербовая.
Бұл тәсіл бойынша бригада жолға шыққаннан кейін диспетчер қоңырау шалған адаммен байланыста болып, дәрігерлер келгенше алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін айтып отырады.
Айта кетейік, мұндай әдіс ұстама, қан кету, тыныс жолына бөгде зат түсуі, кеуде тұсындағы ауырсыну, сондай-ақ үйде босану жағдайларында жиі қолданылады. Биылғы жылдың басынан диспетчерлер сегіз мыңнан астам қоңырауды ұстап, көмек көрсеткен.
Жаңалықтар
0