https://sputnik.kz/20250703/buryngy-vitse-ministr-sarbasov-ne-ushin-ustalgany-belgili-boldy-55326762.html
Бұрынғы вице-министр Сарбасов не үшін ұсталғаны белгілі болды
Бұрынғы вице-министр Сарбасов не үшін ұсталғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстың мән-жайын жария етті 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T11:11+0500
2025-07-03T11:11+0500
2025-07-03T11:20+0500
вице-министр
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/08/40004235_0:82:961:622_1920x0_80_0_0_df59128b25d1ef491b1c3fd6c3fc7df0.png
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрінің не үшін ұсталғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысы Ақмәди Сарбасов ұсталған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұрынғы бірінші вице-министрдің қамауға алынғанын растады. Бірақ басқа ақпарат бермеді.Бүгін қаржылық мониторинг агенттігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.28 маусым күні 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде" Бірінші кредиттік бюро" ЖШС-нің бас директоры Р. Омаров, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы А. Сарбасов пен осы орталықтың бұрынғы басшысы Д. Арғандыков ұсталды. Соңғысы бұрын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.Үшеуінің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.Соттың санкциясымен үшеуі де екі айға қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20250701/buryngy-birinshi-vitse-ministr-aqmadi-sarbasov-ustaldy-55275954.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/08/40004235_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_1bcdf4567cb692170c06c61b8405748b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вице-министр
Бұрынғы вице-министр Сарбасов не үшін ұсталғаны белгілі болды
11:11 03.07.2025 (жаңартылды: 11:20 03.07.2025) Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстың мән-жайын жария етті
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрінің не үшін ұсталғанын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысы Ақмәди Сарбасов ұсталған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұрынғы бірінші вице-министрдің қамауға алынғанын растады. Бірақ басқа ақпарат бермеді.
Бүгін қаржылық мониторинг агенттігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Тергеу барысында "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтер көрсету кезінде өз мүдделерін өткізу мақсатында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар бергені анықталды", - делінген ресми хабарламада.
28 маусым күні 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде" Бірінші кредиттік бюро" ЖШС-нің бас директоры Р. Омаров, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы А. Сарбасов пен осы орталықтың бұрынғы басшысы Д. Арғандыков ұсталды. Соңғысы бұрын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.
Үшеуінің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.
Соттың санкциясымен үшеуі де екі айға қамауға алынды.