https://sputnik.kz/20250702/polshada-abaydyn-180-zhyldygy-atalyp-otti-55303746.html
Польшада Абайдың 180 жылдығы аталып өтті
Польшада Абайдың 180 жылдығы аталып өтті
Sputnik Қазақстан
Польшада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Халықаралық Абай оқулары өтті 02.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-02T12:00+0500
2025-07-02T12:00+0500
2025-07-02T12:01+0500
абай құнанбайұлы
ақын
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55303581_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_b3dbd697868558884f9ad513de88d07e.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Слупск қаласындағы Помор университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап."Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы" тақырыбындағы VII Халықаралық ғылыми семинарда қазақ мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері, оның еуразиялық кеңістіктегі рөлі, сондай-ақ, Қазақстан мен Польша арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.Іс-шара барысында домбырада орындалған ұлттық музыкалық шығармалар мен қазақ ақындарының өлеңдері де оқылды.Семинарды Помор университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырды. Польшадағы Қазақстан елшілігі де белсенді түрде атсалысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55303581_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_8e6251bbb68dc1762c068a5bfe9acab5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай құнанбайұлы, ақын
Польшада Абайдың 180 жылдығы аталып өтті
12:00 02.07.2025 (жаңартылды: 12:01 02.07.2025) Польшада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Халықаралық Абай оқулары өтті
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Слупск қаласындағы Помор университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми
сайтына сілтеме жасап.
"Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы" тақырыбындағы VII Халықаралық ғылыми семинарда қазақ мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері, оның еуразиялық кеңістіктегі рөлі, сондай-ақ, Қазақстан мен Польша арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
"Семинарға қатысушылар "Абайдың қазіргі білім беру жүйесіндегі орны", "Абайдың шығармашылық мұрасы мен Қазақстанның мәдени бірлігіндегі әсері", "Абайдың нақыл сөздері – жас ұрпақ тәрбиесінің негізі" бойынша ғылыми баяндамаларын жасады. Абай Құнанбайұлының мұрасын сақтау және насихаттау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді", - деп жазылған хабарламада.
Іс-шара барысында домбырада орындалған ұлттық музыкалық шығармалар мен қазақ ақындарының өлеңдері де оқылды.
Семинарды Помор университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырды. Польшадағы Қазақстан елшілігі де белсенді түрде атсалысты.