Павлодар мен Екібастұзға жылу желілерін жаңғыртуға 3,8 млрд теңге бөлінді

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий Бугаев Почти 80 школьников перевезли из Экибастуза в Павлодар из-за аварии на теплосетях
Почти 80 школьников перевезли из Экибастуза в Павлодар из-за аварии на теплосетях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Қалған 2 млрд теңге көлеміндегі қаражат облыстық бюджеттен қаржыландырылды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Павлодар және Екібастұз қалаларында жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға үкімет резервінен шамамен 3,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
"Қаулыға сәйкес бөлінген қаражаттың негізгі сомасын, яғни шамамен 3 млрд теңгені Екібастұз қаласының жылу желілерін жаңғырту бойынша екі жобаға бөлу жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
Орталық жылу тарату пунктінен 1,4 шақырым жердегі елді мекенге дейінгі ТМ-I және ТМ-III жылу магистральдері жөнделеді.
Павлов – Шевченко – Катаев көшесіндегі тұрғын үй шағын ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін Камзин көшесінде ТМ-13 салу жобасын аяқтауға Павлодар қаласына 802 млн теңге бағытталады.
"Шығынның жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайды. Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді. Қалған 2 млрд теңге көлеміндегі қаражат облыстық бюджеттен қаржыландырылды", - деп түсіндірді үкімет.
2024 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражатқа ұзындығы 9 шақырым магистральдық жылумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізілді. Екібастұз ЖЭО-да қазандық агрегаттары жөнделіп, тазартылған су құбыры салынды.
Бұдан бөлек, облыстың жылу беруші кәсіпорындарында ұзындығы 2,4 шақырым жылу желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар орындалды, оның ішінде "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасына көшу шеңберінде салынған құны 1,7 млрд теңге тұратын 2,1 шақырымдық жылу желілері бар.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың басында желілердің тозуы 79,7%-ға дейін төмендеді.
Жаңалықтар
0