Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мысыр президенті Украина мәселесін дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын айтты

© RIA Novosti/AvroraВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Мәлімдемеге сәйкес, Зеленский сейсенбі күні ас-Сисиге телефон соққан
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Владимир Зеленскиймен әңгімелесу барысында Украинадағы дағдарысты шешу үшін дипломатиялық шешімдердің маңыздылығын айтты, деп хабарлады Мысыр басшысының кеңсесі.
Мәлімдемеге сәйкес, Зеленский сейсенбі күні ас-Сисиге телефон соққан.
"Әңгімелесу барысында Ресей-Украина дағдарысындағы соңғы оқиғалар талқыланды, президент қазіргі дағдарысты шешу үшін дипломатиялық және саяси шешімдердің маңыздылығын және диалог тілінің басымдылығын айтты", - делінген хабарламада.
Ас-Сиси Мысыр дағдарысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдайтынын жеткізген.
Еске салайық, 2 маусымда Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздің екінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын бұрынғыдай президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды. Украина делегациясына елдің қорғаныс министрі Рүстем Умеров жетекшілік етті. Ресей мен Украина тұтқын алмасу туралы келісімге келді: науқастар мен ауыр жаралылар, 25 жасқа дейінгі тұтқындар алмастырылды
Трамп пен Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп пен Зеленский Канадада кездеседі
Жаңалықтар
0