https://sputnik.kz/20250702/kolledzhge-quzhatty-egovkz-arqyly-tapsyruga-bolady-55310096.html
Колледжге құжатты eGov.kz арқылы тапсыруға болады
Колледжге құжатты eGov.kz арқылы тапсыруға болады
Sputnik Қазақстан
Маңызды жаңашылдықтардың бірі – оқу орнын таңдау кезінде сүзгілеу механизмінің енгізілуі 02.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-02T14:38+0500
2025-07-02T14:38+0500
2025-07-02T14:38+0500
колледж
құжат
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. eGov.kz порталында колледжге құжат қабылдау науқаны басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Биыл бұл қызмет жаңартылды. Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немесе тегін тамақтану қажеттілігін бірден көрсете алады. Сондай-ақ әскери қызметті өтегені туралы құжатты да тіркеуге болады.Әр талапкер өтінішті бір рет қана бере алады. Төрт түрлі колледж бен төрт мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауға тиіс.Өтініш беру тәртібі:Ал қызмет нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады. Қызмет көрсету мерзімі – 3–5 жұмыс күні.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
колледж, құжат
Колледжге құжатты eGov.kz арқылы тапсыруға болады
Маңызды жаңашылдықтардың бірі – оқу орнын таңдау кезінде сүзгілеу механизмінің енгізілуі
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. eGov.kz порталында колледжге құжат қабылдау науқаны басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Биыл бұл қызмет жаңартылды. Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немесе тегін тамақтану қажеттілігін бірден көрсете алады. Сондай-ақ әскери қызметті өтегені туралы құжатты да тіркеуге болады.
"Маңызды жаңашылдықтардың бірі – оқу орнын таңдау кезінде сүзгілеу механизмінің енгізілуі. Жүйе талапкер таңдаған параметрлер бойынша оқу аймағы, оқыту тілі, бағыт және мамандықтардың тізімін автоматты түрде қалыптастырады. Ал "Серпін" бағдарламасына қатысатын өңірлердегі ауыл мектептерінің түлектері үшін ондай механизм бөлек қарастырылған", - делінген ресми хабарламада.
Әр талапкер өтінішті бір рет қана бере алады. Төрт түрлі колледж бен төрт мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауға тиіс.
eGov.kz порталында авторизациядан өту;
"Білім" бөлімінен "Колледждер" санатын таңдау;
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" қызметін таңдау;
барлық қажетті жолдарды толтырып, құжаттарды жүктеу;
қызметті қолжетімді әдістердің бірімен растау.
Ал қызмет нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады. Қызмет көрсету мерзімі – 3–5 жұмыс күні.