https://sputnik.kz/20250702/fitnes-ortalyqqa-arnalgan-zhalgan-sertifikattardy-satqan-er-adam-sottaldy--55315302.html
Фитнес-орталыққа арналған жалған сертификаттарды сатқан ер адам сотталды
Фитнес-орталыққа арналған жалған сертификаттарды сатқан ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық әрекеттен 24 адам жапа шеккен, келтірілген жалпы материалдық залал 3,5 млн теңгеден асқан 02.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-02T21:03+0500
2025-07-02T21:03+0500
2025-07-02T21:03+0500
астана
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16776501_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_24eeca7abe48f0b101b7d9f050153562.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Фитнес-орталыққа жалған сыйлық сертификаттарын сату арқылы алаяқтық жасаған елорда тұрғыны сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.Бұрын спорт клубтарында жаттықтырушы болып жұмыс істеген азамат алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы заңдық күші жоқ, өзі дайындаған жылдық абонемент түріндегі жалған сыйлық сертификаттарын сатып келген.Жәбірленушілер фитнес-орталыққа келгенде сатып алған сертификаттарының жарамсыз екенін біліп, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.Аталған қылмыстық әрекеттен 24 адам жапа шеккен, келтірілген жалпы материалдық залал 3,5 млн теңгеден асқан.Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.Жәбірленушілерге келтірілген залал толық өтеліп, ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты, сот үкімімен алаяққа 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
https://sputnik.kz/20250624/terrorizmdi-nasikhattagandar-sottaldy-55071918.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16776501_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_b3336d93eef9a419b05199389b6b01f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, алаяқтық
Фитнес-орталыққа арналған жалған сертификаттарды сатқан ер адам сотталды
Қылмыстық әрекеттен 24 адам жапа шеккен, келтірілген жалпы материалдық залал 3,5 млн теңгеден асқан
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Фитнес-орталыққа жалған сыйлық сертификаттарын сату арқылы алаяқтық жасаған елорда тұрғыны сотталды, деп хабарлады
бас прокуратура.
Бұрын спорт клубтарында жаттықтырушы болып жұмыс істеген азамат алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы заңдық күші жоқ, өзі дайындаған жылдық абонемент түріндегі жалған сыйлық сертификаттарын сатып келген.
"Ол бұл сертификаттарды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан — 150 мың теңгеге ұсынып, олардың түпнұсқалығына сендіріп, азаматтарды шатастырған. Шын мәнінде мұндай абонементтердің құны шамамен 700 мың теңгені құрайтын", - деп жазылған хабарламада.
Жәбірленушілер фитнес-орталыққа келгенде сатып алған сертификаттарының жарамсыз екенін біліп, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.
Аталған қылмыстық әрекеттен 24 адам жапа шеккен, келтірілген жалпы материалдық залал 3,5 млн теңгеден асқан.
Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Жәбірленушілерге келтірілген залал толық өтеліп, ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты, сот үкімімен алаяққа 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеумен бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.