https://sputnik.kz/20250702/biyl-elektr-energiyasynyn-tapshylygy-57-mlrd-kilovatt-sagatqa-zhetedi-55280297.html
Биыл электр энергиясының тапшылығы 5,7 млрд киловатт-сағатқа жетеді
Биыл электр энергиясының тапшылығы 5,7 млрд киловатт-сағатқа жетеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2035-2036 жылдарға дейін аяқталады деп жоспарлануда 02.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-02T08:00+0500
2025-07-02T08:00+0500
2025-07-02T08:00+0500
электр энергиясы
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/1287/22/12872273_0:0:2880:1620_1920x0_80_0_0_bd9b33b69139bd84ceff6ad34348f37c.jpg
АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Былтыр электр тапшылығы 2 миллиард киловатт-сағат болды. Ал биыл тапшылық тек күшейе түседі, деп хабарлайды Energyprom.kz.2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 117,9 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілді, ал тұтыну көлемі 119,9 млрд кВтсағ. Салдарынан электр энергиясының тапшылығы 2 млрд кВт-сағатқа жетті.Ал биыл тапшылық 5,7 млрд кВтсағ, ал 2026 жылы — 2,5 млрд кВтсағ болады.Бұл ретте, 2030 жылы тағы да тапшылық болады деп болжанады — 0,6 млрд кВт. сағ, ал 2031 жылы — бірден 6,9 млрд киловатт-сағатқа жетеді.Тапшылықтың негізгі ұзақ мерзімді шешімдерінің бірі - атом электр станцияларын іске қосу. Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу үшін халықаралық консорциумның көшбасшысы таңдалды — бұл ресейлік "Росатом".Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2035-2036 жылдарға дейін аяқтау жоспарлануда. Жоспар бойынша екінші атом электр станциясын қытайлық CNNC компаниясы салады, ол басқа атом электр станциясын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы болады.Сондай-ақ "жасыл" энергетика саласындағы бастамалар өз жемісін беруде. Мәселен, былтыр электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі 6,43% болды. Салыстыру үшін: 2023 жылы ол 5,92%, 2020 жылы - 2,78%, ал 2014 жылы тек 0,33% болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1287/22/12872273_163:0:2323:1620_1920x0_80_0_0_e6b0af94b50558a4ad68d4f110a5510b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы, атом электр станциясы
электр энергиясы, атом электр станциясы
Биыл электр энергиясының тапшылығы 5,7 млрд киловатт-сағатқа жетеді
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2035-2036 жылдарға дейін аяқталады деп жоспарлануда
АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Былтыр электр тапшылығы 2 миллиард киловатт-сағат болды. Ал биыл тапшылық тек күшейе түседі, деп хабарлайды
Energyprom.kz.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 117,9 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілді, ал тұтыну көлемі 119,9 млрд кВтсағ. Салдарынан электр энергиясының тапшылығы 2 млрд кВт-сағатқа жетті.
Ал биыл тапшылық 5,7 млрд кВтсағ, ал 2026 жылы — 2,5 млрд кВтсағ болады.
"Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2027 жылы электр энергиясының профициті 1,2 млрд кВтсағ, 2028 жылы — 3,2 млрд кВтсағ, ал 2029 жылы — бірден 5 млрд кВтсағ болады деп болжанып отыр. Жоспар шеңберінде 26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды енгізу көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте, 2030 жылы тағы да тапшылық болады деп болжанады — 0,6 млрд кВт. сағ, ал 2031 жылы — бірден 6,9 млрд киловатт-сағатқа жетеді.
Тапшылықтың негізгі ұзақ мерзімді шешімдерінің бірі - атом электр станцияларын іске қосу. Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу үшін халықаралық консорциумның көшбасшысы таңдалды — бұл ресейлік "Росатом".
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2035-2036 жылдарға дейін аяқтау жоспарлануда. Жоспар бойынша екінші атом электр станциясын қытайлық CNNC компаниясы салады, ол басқа атом электр станциясын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы болады.
Сондай-ақ "жасыл" энергетика саласындағы бастамалар өз жемісін беруде. Мәселен, былтыр электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі 6,43% болды. Салыстыру үшін: 2023 жылы ол 5,92%, 2020 жылы - 2,78%, ал 2014 жылы тек 0,33% болған.