Астана күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныВ Астане устроили театральное шествие в День столицы
В Астане устроили театральное шествие в День столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
Жазылу
Қала әкімдігі мерекелік іс-шаралардың тізімін жариялады
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Астана әкімдігі қала күніне арналған мерекелік іс-шаралардың тізімін жариялады. 30 маусым мен 6 шілде аралығында 100-ден астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
3 шілде
"JazzVIBE" концерті (Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатр);
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында алғашқы қалалық спартакиада (Паралимпиада орталығы);
"Сарайшық" ауданы ұйымдары арасында волейболдан турнир (Б. Саттарханов атындағы спорт кешені);
қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты (Beeline Arena, 3-5 шілде күндері);
4 шілде
"Аялаған Астана" атты мерекелік концерт (Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы);
Street-art форматындағы "Астанаға арнау" көше фестивалі (М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы);
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен "Менің мамандығым – мақтанышым" атты қалалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ("Жастар" сарайы);
Еліміздің үздік әншілері, күйші-жыршылардың қатысуымен "Асыл мұра" атты мерекелік концерт (Бейбітшілік және келісім сарайы);
асық атудан "Астана сақасы" турнирі ("Ғашықтар" саябағы);
"Асқақтаған Астана!" мерекелік іс-шарасы - Домбыра party ("Нұржол" бульвары);
"QALA FEST" фестивалі мен кітап жәрмеңкесі ("Жетісу" саябағы);
зейнеткерлер арасында шахмат турнирі ("Ғашықтар" аллеясы);
Байқоңыр ауданының коммуналдық қызметкерлері арасында мини-футбол турнирі;
"Коммуналдық қызметкерлер" скверінің ашылу салтанаты (Абай даңғылы бойында);
5 шілде
грек-рим, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі және автошеру қамтылған күрес фестивалі (Триатлон паркі);
"Астана – арман қала" атты мерекелік концерт (Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатр);
VI "Әскери керней" әскери-музыкалық фестивалі ("Ғашықтар", "Жетісу" мен "Жерұйық" саябақтары, ал 6 шілде күні "Қазақ елі" монументі маңайында гала-концертпен аяқталады);
"Мерекелік саябақ" отбасылық демалыс фестивалі (Орталық саябақ, 5-6 шілде күндері);
Қалалық перформанстар фестивалі (5-6 шілде күндері);
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында алғаш рет "Армандар орындалады" спектаклі қойылады (Мемлекеттік драма және комедия театры, 5-6 шілде күндері);
Сондай-ақ, "Жастар", "Наз" бен "Қанаттылар" театрларында және музыкалық жас көрермен және Максим Горький атындағы академиялық орыс театрында жоспарланған спектакльдер қойылады.
6 шілде
Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шаралар ("Атырау" көпірі мен Орталық саябақ, мерекелік бағдарлама Амфитеатр сахнасында жалғасады);
"Jastar Energy" жастар концерті ("Қазақ елі" монументі алаңында);
отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен OPEN AIR концерті ("Астана-Арена" стадионы аумағында);
заманауи би түрлерінен жастар арасында "Елордалық батл" би сайысы ("Ақжайық" сквері);
бәйге түрлерінен "Елорда кубогы" турнирі және қазақтың ұлттық спорт түрлерінің үздіктері мен мықтылары қатысатын "Толағай" сайысы ("Қазанат" ипподромы);
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы World Boxing аясында ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогының финалы (Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, басталуы сағат 14:00-де, кіру тегін).
Сонымен қатар қаланың тұрғын алаптарында күндізгі мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Мереке күндері қала бойынша жаңа абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер мен аулалар ашылады.
7 шілдеде Амфитеатр сахнасында "Алтын домбыра" мектебінің 400 оқушысының қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған тағы бір мерекелік-концерттік бағдарлама өтеді. Ал 8 шілде күні тура сол жерде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0