Туа біткен жүрек кемістігінің 74%-і бала туғанға дейін анықталады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту Младенец

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда туа біткен жүрек кемістігінің 74%-і бала туғанға дейін анықталады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ел тарихында алғаш рет пренаталдық диагностика енгізілді.
"Бұл жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы күндерінде хирургиялық ота жасауға, оларға одан әрі толыққанды дамуға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
2024 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы шеңберінде еліміздің 20 өңірінен ұрық эхокардиографиясы бойынша үйлестіруші дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы жұмыс істеп жатыр.
Ресей Федерациясы мен Қазақстанның танымал халықаралық сарапшыларының қатысуымен "UMC" КҚ республикалық ұрықты сақтау орталығының базасында "Ұрық эхокардиографиясы мектебі" форматында бес мастер-класс өткізілді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2023
Денсаулық
Қазақстанда бауыр обырына шалдыққан сәбиге алғаш рет бірегей әдіспен ота жасалды
Жаңалықтар
0