Ресейге өтетін бекеттерде көлік кептелісі жоқ - шекара қызметі

© ФГКУ Росгранстрой"Петухово" шекара бекеті
Петухово шекара бекеті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" өткізу бекетінде кептеліс жоқ
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында Ресейге өтетін бекеттерде кептеліс жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ақтөбе облысындағы "Жайсан" өткізу бекетінде бір күн бұрын кептеліс болған. Қазір жол ашық, көлік кептелісі жоқ.
"Бәрі штаттық режимде істеп тұр", - дейді шекара қызметінің мамандары.
Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" өткізу бекетінде кептеліс жоқ екені айтылды.
Айта кетері, бұған дейін Ақтөбе облысындағы "Жайсан", Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңа жол" және Атырау облысындағы "Бөкей хан" шекаралық бекеттерінде ондаған жүк көліктер мен рейстік автобустардың Ресейге кіру кезегін күтіп тұрғаны туралы ақпарат болған. Полиция қызметкерлері де қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, көлік ағынын реттеп жүрді.
Кептелістерге көрші елге кірудің жаңа талаптарына себеп болды делінген. Алайда Ресей елшілігі оны жоққа шығарды.
Петухово шекара бекеті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы көлік кептелісі - РФ елшілігі себебін түсіндірді
Жаңалықтар
0