https://sputnik.kz/20250701/qazaqstanda-alayaqtyqtyn-zhana-turi-shyqty-55243138.html
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі шықты
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі шықты
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар жасанды интеллектінің көмегімен арбай бастады 01.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-01T08:52+0500
2025-07-01T08:52+0500
2025-07-01T08:52+0500
жасанды интеллект
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e8/09/03/46766688_0:317:3076:2047_1920x0_80_0_0_f07baba9646c947621cbf68e9c0a42d6.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Енді олар жасанды интеллектінің көмегімен елге белгілі тұлғалардың бет-бейнесін жасап, халықты арбауға көшкен, деп хабарлайды 24.kz.Әлеуметтік желіде осы сарындағы бейнероликтер кең таралуда. Алаяқтар танымал медиа тұлғалар мен ірі компания басшыларының атынан жалған ақпарат тарату арқылы халықты құрығына түсіруге тырысып жатыр.Шынайы бейнеден айнымайтын мұндай хабарламар арқылы алаяқтар жұрттың қалтасын қағуды көздейді.Жуырда дәл осындай жолмен ұлттық атом компаниясына қатысты ақпарат тарады. Бейнероликте инвестициялық платформаны іске қосу арқылы мол пайдаға кенелуге болатыны айтылған. Алайда компания басшылығы бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлап, азаматтарды мейлінше сақ болуға шақырды."Қаржылық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін платформалар туралы бейнехабарламар таратуда."Қазатомөнеркәсіп" басшысы ретінде бұл жаңалықтардың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеймін", - дейді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
https://sputnik.kz/20250625/petropavl-turgyny-19-mln-tengesin-alayaqtarga-audaryp-zhibergen-55103273.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/03/46766688_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_00edc0c3f01dc97bae86d9d19ff63841.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект, алаяқтық
жасанды интеллект, алаяқтық
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі шықты
Алаяқтар жасанды интеллектінің көмегімен арбай бастады
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Енді олар жасанды интеллектінің көмегімен елге белгілі тұлғалардың бет-бейнесін жасап, халықты арбауға көшкен, деп хабарлайды
24.kz.
Әлеуметтік желіде осы сарындағы бейнероликтер кең таралуда. Алаяқтар танымал медиа тұлғалар мен ірі компания басшыларының атынан жалған ақпарат тарату арқылы халықты құрығына түсіруге тырысып жатыр.
Шынайы бейнеден айнымайтын мұндай хабарламар арқылы алаяқтар жұрттың қалтасын қағуды көздейді.
Жуырда дәл осындай жолмен ұлттық атом компаниясына қатысты ақпарат тарады. Бейнероликте инвестициялық платформаны іске қосу арқылы мол пайдаға кенелуге болатыны айтылған. Алайда компания басшылығы бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлап, азаматтарды мейлінше сақ болуға шақырды.
"Қаржылық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін платформалар туралы бейнехабарламар таратуда."Қазатомөнеркәсіп" басшысы ретінде бұл жаңалықтардың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеймін", - дейді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.