Министр ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген өңірлерді атады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуВодопроводный кран, архивное фото
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Қазіргі кезде 90 қаланың 73-і толығымен ауызсумен қамтамасыз етілген
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ауыз сумен толығымен қамтамасыз етілген аймақтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде қала халқының 99.3%-ы және ауыл тұрғындарының 97,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
"Ал 10 өңірде бұл көрсеткіш 100%-ға жетті. Бұлар – Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының қалалары мен Маңғыстау облысының ауылдары", - деді Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде 90 қаланың 73-і толығымен ауызсумен қамтамасыз етілген. Қалған 17 қаланың мәселесі жыл соңына дейін шешіледі.
Ал 6 148 ауылдың 5 679-ы су құрылғыларымен жабдықталған.
4 420 ауылдық елді мекен орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған;
1000-ға жуық ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған;
260 шағын ауылдық елді мекен құдық суын пайдаланады;
кейбір алыс ауылдарға су тасымалдау арқылы жеткізіледі.
"Қазір 245 ауыл республикалық бюджет пен арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен орталық су тарту жүйелеріне қосылуда. Ал 224-іне жергілікті бюджет есебінен кешенді блок-модульдер орнатылады", - деп түйіндеді министр.
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2024
Батыс Қазақстанда 129 ауылда ауыз су жоқ
Жаңалықтар
0