Астанада мектеп басшылығы 900 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға 382 млн теңгенің мүлкін сатып алған
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы әкімдігіне қарасты №81 Astana English School халықаралық мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның мәліметінше мектеп басшылары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
"Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, бұрынғы директор мен бас бухгалтердің 900 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Бұл соманың бір бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған ақша, алайда бұл қаражат мекеме шоттарына түспей, ұрланған.
Сонымен қатар шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін жалған қызметкерлер атына аударылған. Олардың қатарында күдіктілердің туыстары да бар.
Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын мүлік сатып алған: коттедж, елордада екі пәтер және автокөлік.
Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.Күдіктілер қамауға алынды.
Перизат Қайрат пен анасының ісі сотқа жіберілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2025
Перизат Қайрат пен анасының ісі сотқа жіберілді
Жаңалықтар
0