"Жәрдемақы мәселесі шешілді": Қошанов парламент жұмысын қорытындылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание депутатов мажилиса
Заседание депутатов мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2025
Жазылу
Медициналық сақтандырудың бар-жоғына қарамастан, базалық медициналық көмек беріледі
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламенттің үшінші сессиясында атқарылған жұмыстың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы сессия басталардың алдында президент нақты тапсырмалар берген болатын. Ұлттық құрылтайда стратегиялық идеялар да айтылды.
Қошановтың айтуынша, осы сессияда президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы заңнамалық бастамалардың бәрі дерлік іске асырылды.
Негізгі нәтижелер:
Салық, Бюджет пен Су кодекстері қабылданды;
"Келешек" бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесі бекітілді;
халықаралық олимпиада жеңімпаздары білім беру грантын конкурссыз ("Болашақ" бағдарламасымен де) иеленеді;
медициналық сақтандырудың бар-жоғына қарамастан, базалық медициналық көмек беріледі;
жұмыссыз адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары жергілікті бюджеттен төленеді;
міндетті онкологиялық скрининг тегін медициналық көмек қызметтері тізбесіне енгізілді;
қызметтік міндетін атқару үстінде қаза тапқан құқық қорғау органы қызметкерлерінің отбасыларына жәрдемақы төлеу мәселесі шешілді;
азаматтық қорғау және өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері беріледі;
әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар қатарына жесір әйелдер енгізілді;
үлескерлерді қорғайтын нормалар қабылданды, үлескерлердің алданып қалу жайттары азайды;
халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін қарыз бен микрокредиттер бойынша төлем мерзімін үш айға шегеру мүмкіндігі енгізілді;
мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге несие мен шағын займдар беруге тыйым салынды;
алаяқтық жолмен рәсімделген кредиттерді есептен шығаруға негіз болатын қосымша нормалар мақұлданды;
дропперлер үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді;
есірткі барондарының жауапкершілігі барынша күшейтілді;
алғаш рет шалыс басқан есірткі жасырып кетушілердің түзу жолға түсуіне мүмкіндік берілді;
ғимараттар мен құрылыстарда, онлайн-платформаларда букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынды;
қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жаза бекітілді;
сот ісін жүргізудің барлық түрі бойынша кассация тәртібін қайта қарау енгізілді.
Сондай-ақ Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық туралы заң қабылданды.
"Құжат жаза басқан жандарға жаңа мүмкіндік беруге бағытталған. Амнистия 15 мыңнан астам сотталған адамды қамтымақ. Олардың екі мыңға жуығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады. Бұл – сүрінген жандардың қалыпты өмірге қайта оралуына септесетін игі қадам", - деп түйіндеді Қошанов.
Жаңалықтар
0