https://sputnik.kz/20250630/shymkentte-shygyny-kop-su-nysandary-memleketke-qaytaryldy-55216196.html
Шымкентте шығыны көп су нысандары мемлекетке қайтарылды
Шымкентте шығыны көп су нысандары мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде сумен жабдықтау тарифі 30%-ке төмендеуі мүмкін 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T11:19+0500
2025-06-30T11:19+0500
2025-06-30T11:19+0500
су
мемлекет
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1a/37026562_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_bf8650eb4ee6c99ff4d31c5fbd5dc5ea.jpg
АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Шымкенттегі сумен жабдықтау нысандарын 21 жыл бойы "Су ресурстары – Маркетинг" ЖШС басқарған. Мемлекеттің үлесі 22% болған. Қаржылық мониторинг агенттігі нысанды басқарған серіктестің қаржысына талдау жүргізген.Су нысанына қатысты мәселе Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Сот сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.Нәтижесінде сумен жабдықтау тарифі 30%-ке төмендеуі мүмкін, бұл туралы әкімдік айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1a/37026562_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_5d0963d62f634ffb7181bc54f336c43d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, мемлекет
Шымкентте шығыны көп су нысандары мемлекетке қайтарылды
Нәтижесінде сумен жабдықтау тарифі 30%-ке төмендеуі мүмкін
АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Шымкенттегі сумен жабдықтау нысандарын 21 жыл бойы "Су ресурстары – Маркетинг" ЖШС басқарған. Мемлекеттің үлесі 22% болған. Қаржылық мониторинг агенттігі нысанды басқарған серіктестің қаржысына талдау жүргізген.
"Компанияда серіктес құрылымдармен байланысты күмәнді қаржы операциялармен қатар, шығын белгілері, сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар анықталды. Су кодексінің талаптарына сәйкес келмеген. Жекешелендіру кезінде процедуралық ауытқулар болғаны және тиімсіз басқару фактілер белгілі болды. Материалдар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдікке жолданды", - дейді агенттік.
Су нысанына қатысты мәселе Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Сот сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
Нәтижесінде сумен жабдықтау тарифі 30%-ке төмендеуі мүмкін, бұл туралы әкімдік айтты.