https://sputnik.kz/20250630/shygys-qazaqstandagy-zhylu-zhelilerin-zhondeuge-25-mlrd-tenge-bolindi-55215592.html
Шығыс Қазақстандағы жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлінді
Шығыс Қазақстандағы жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
Бөлінген қаржының негізгі бөлігін Риддердегі жылу желілерін жөндеуге жұмсау жоспарланып отыр 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T10:27+0500
2025-06-30T10:27+0500
2025-06-30T10:27+0500
жылу беру маусымы
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38976773_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_da557336e96f0ee400c3d18d2a028349.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бұл қаржыға жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінде ұзындығы 9 км жылу желілерін реконструкциялаудың екінші кезегін аяқтауға 113 млн теңге бағыттау жоспарланған.Жалпы Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жылу желілері 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осы кезеңде оларға күрделі реконструкция жасалған жоқ. Тозу деңгейі орта есеппен 55%-дан, ал жекелеген елді мекендерде 75%-дан асады.Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің резервінен екі қазандық агрегатын жөндеуге, №5 редукциялық-салқындату қондырғысының технологиялық үдерістерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, сондай-ақ Риддер қаласының ЖЭО-ның өз қажеттіліктерін қамтамасыз ететін электротехникалық жабдықтың бір бөлігін ауыстыруға шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді.Жедел әрекет етудің арқасында екі жыл ішінде тозу 82%-дан 66,8%-ға дейін төмендеді.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38976773_167:0:1247:810_1920x0_80_0_0_3423a7f5330df19eab5afd20e47a3daa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу беру маусымы, шығыс қазақстан
жылу беру маусымы, шығыс қазақстан
Шығыс Қазақстандағы жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлінді
Бөлінген қаржының негізгі бөлігін Риддердегі жылу желілерін жөндеуге жұмсау жоспарланып отыр
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл қаржыға жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
"Құжатқа сәйкес қаражат Риддер қаласы мен Қ. Қайсенов кентінің жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталады. Бөлінген қаржының негізгі бөлігін Риддер қаласының жылу желілерінің ең қатты тозған 5,9 км учаскесін күрделі жөндеуге жұмсау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінде ұзындығы 9 км жылу желілерін реконструкциялаудың екінші кезегін аяқтауға 113 млн теңге бағыттау жоспарланған.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жылу желілері 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осы кезеңде оларға күрделі реконструкция жасалған жоқ. Тозу деңгейі орта есеппен 55%-дан, ал жекелеген елді мекендерде 75%-дан асады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің резервінен екі қазандық агрегатын жөндеуге, №5 редукциялық-салқындату қондырғысының технологиялық үдерістерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, сондай-ақ Риддер қаласының ЖЭО-ның өз қажеттіліктерін қамтамасыз ететін электротехникалық жабдықтың бір бөлігін ауыстыруға шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді.
Жедел әрекет етудің арқасында екі жыл ішінде тозу 82%-дан 66,8%-ға дейін төмендеді.