https://sputnik.kz/20250630/qorytyndyny-7-ay-kutemiz-qoshanov-ukimettin-zhumysyn-synga-aldy-55223077.html
"Қорытындыны 7 ай күтеміз": Қошанов үкіметтің жұмысын сынға алды
"Қорытындыны 7 ай күтеміз": Қошанов үкіметтің жұмысын сынға алды
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік органдар қорытынды жобасын әзірлеуге атүсті қарайды 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T13:52+0500
2025-06-30T13:52+0500
2025-06-30T13:52+0500
үкімет
ерлан қошанов
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54582070_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_29de52545a580b16464aa04837b5d26c.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов үкіметпен өзара іс-әрекет кезінде жыл сайын қайталанатын проблемалық мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Парламент үкімет қорытындысын 7 ай күтедіБүгінде заң бойынша қосымша қаржыны талап ететін ұсыныстар мен түзетулер үкіметтің қорытындысы негізінде енгізіледі.Бұдан бөлек, қорытындыда депутаттардың бастамаларына қатысты үкіметтің нақты ұстанымы болмай жатады. Мәселен, депутаттар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң жобасымен жұмыс барысында Жер кодексінің бір бабына екі түрлі көзқарасты қамтитын түзетулер дайындайды. Үкімет ұсынылған екі нұсқаны да қолдай салады.Мемлекеттік органдар қорытынды жобасын әзірлеуге атүсті қарайды. Бір палатаның депутаттары қолдамаған түзетулермен басқа палата кенеттен келісіп кетеді.Шұғыл нормаға тым жиі жүгінедіКонституция бойынша депутаттармен қатар үкімет те заңға бастамашылық етуге құқылы.Үкімет регламентіне сәйкес, түзетулерді заң жобасын мәжілісте талқылау кезеңінде енгізу қажет."Бірақ министрліктер тарапынан ол нормаға тым жиі жүгіну орын алып отыр. Кейде ондай түзетулер тіпті жалпы отырыс өтетін күні келіп түсіп жатады.Осы сессияда аталған тармақ бойынша үкіметтен келіп түскен хаттар саны екі есе артты. Ал бұл тармақ ерекше жағдайларда, мемлекет басшысының шұғыл тапсырмаларына немесе дереу шешуді қажет ететін маңызды мәселелерге ғана қолданылуы керек",- деп атап өтті спикер.Оның айтуынша, мұндай маңызды мәселелер үкімет қабырғасында жан-жақты пысықталып, хат түрінде емес, заң жобасы ретінде рәсімделіп келуі тиіс.Үкімет мүшелері арнайы шақырыладыБүгінде депутаттық сауалдарға берілетін жауаптар да сын көтермейді. Осы сессия барысында мемлекеттік органдарға 625 сауал жолданды.Келесі сессияда үкімет мүшелері мәжіліске арнайы шақырылады. Сол кезде спикер айтқан мәселелер жан-жақты талқыланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54582070_143:0:1279:852_1920x0_80_0_0_f0fe7cc46c5b4e122e92c1823025812a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, ерлан қошанов
"Қорытындыны 7 ай күтеміз": Қошанов үкіметтің жұмысын сынға алды
Мемлекеттік органдар қорытынды жобасын әзірлеуге атүсті қарайды
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов үкіметпен өзара іс-әрекет кезінде жыл сайын қайталанатын проблемалық мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент үкімет қорытындысын 7 ай күтеді
Бүгінде заң бойынша қосымша қаржыны талап ететін ұсыныстар мен түзетулер үкіметтің қорытындысы негізінде енгізіледі.
"Өкінішке қарай, біз заң жобаларын қарау барысында үнемі үкіметтің қорытындысын ұзақ күтуге мәжбүрміз. Кейде оларды 7 айға дейін күтеміз. Бұл жайт мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуын, халық күтіп отырған маңызды заңдардың уақтылы қабылдануын кешеуілдетеді", - деді Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Бұдан бөлек, қорытындыда депутаттардың бастамаларына қатысты үкіметтің нақты ұстанымы болмай жатады. Мәселен, депутаттар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң жобасымен жұмыс барысында Жер кодексінің бір бабына екі түрлі көзқарасты қамтитын түзетулер дайындайды. Үкімет ұсынылған екі нұсқаны да қолдай салады.
Мемлекеттік органдар қорытынды жобасын әзірлеуге атүсті қарайды. Бір палатаның депутаттары қолдамаған түзетулермен басқа палата кенеттен келісіп кетеді.
Шұғыл нормаға тым жиі жүгінеді
Конституция бойынша депутаттармен қатар үкімет те заңға бастамашылық етуге құқылы.
"Алайда заң жобасын өздері әзірлеудің орнына, министрліктер мәселені депутаттардың түзетулері арқылы немесе Парламентке хат жазу арқылы шешуді әдетке айналдыра бастады", - дейді Қошанов.
Үкімет регламентіне сәйкес, түзетулерді заң жобасын мәжілісте талқылау кезеңінде енгізу қажет.
"Бірақ министрліктер тарапынан ол нормаға тым жиі жүгіну орын алып отыр. Кейде ондай түзетулер тіпті жалпы отырыс өтетін күні келіп түсіп жатады.Осы сессияда аталған тармақ бойынша үкіметтен келіп түскен хаттар саны екі есе артты. Ал бұл тармақ ерекше жағдайларда, мемлекет басшысының шұғыл тапсырмаларына немесе дереу шешуді қажет ететін маңызды мәселелерге ғана қолданылуы керек",- деп атап өтті спикер.
Оның айтуынша, мұндай маңызды мәселелер үкімет қабырғасында жан-жақты пысықталып, хат түрінде емес, заң жобасы ретінде рәсімделіп келуі тиіс.
Үкімет мүшелері арнайы шақырылады
Бүгінде депутаттық сауалдарға берілетін жауаптар да сын көтермейді. Осы сессия барысында мемлекеттік органдарға 625 сауал жолданды.
"Әр сауалдың артында халықты толғандыратын мәселе тұратыны белгілі. Алайда оларға берілген жауаптардың мазмұны мен сапасына көңіл тола бермейді. Тағы да жаңа сұрақтар туындатады. Бұл жағдай кейде депутаттарды мемлекеттік органға қайта жүгінуге мәжбүр етеді", - деді Қошанов.
Келесі сессияда үкімет мүшелері мәжіліске арнайы шақырылады. Сол кезде спикер айтқан мәселелер жан-жақты талқыланады.