https://sputnik.kz/20250629/turkiya-men-mysyrday-bolady-alakoldin-bas-zhospary-tanystyryldy--55207564.html
Түркия мен Мысырдай болады: Алакөлдің бас жоспары таныстырылды
Түркия мен Мысырдай болады: Алакөлдің бас жоспары таныстырылды
Sputnik Қазақстан
300 гектарды құрайтын жағажай аумағы ұлғайтылады 29.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-29T18:54+0500
2025-06-29T18:54+0500
2025-06-29T18:54+0500
алакөл
туризм
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1d/55207671_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_48489c81527a430b4a60dd464983f05c.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Алакөл туристік аймағын кешенді түрде дамыту бойынша тұжырымдама таныстырылып, мамандар бас жоспарды әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Оған сәйкес, 300 гектарды құрайтын жағажай аумағын ұлғайту жоспарланып отыр. Көлдің оң жағалауында сазды жер көп. Сондықтан сол жағалауды ұзартуға шешім қабылданды. Ал жаңа бас жоспарды дайындау барысында Түркия мен Мысырдың жағажай инфрақұрылымын дамыту үлгілері негізге алынады. Бүгінде "Сан Бао", "Ванджан" мен "Juding Group" компаниялары Алакөл экономикалық форумының конференциялық орталығы, халықаралық мейманхана, жоғары сапалы ағаш үйлер (эко-үйлер), ғарыш базасының сауықтыру орталығы, Қазақстанның халық мәдениеті көрме-сауық орталығы, су сарайы, отбасылық ғылыми-зерттеу базасы секілді жобаларға инвестиция салуға дайын. Олар жақын арада көлдің жағалауына бірден құрылатын 100 үйді қойып беруге әзір екенін де айтты. Облыс әкімі Берік Уәли жергілікті компаниялармен бірлескен концорциум негізінде жобаларды іске асыруға тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20250131/akimdikterge-ulttyq-sayabaqtarda-turizm-infraqurylymyn-salu-quqygy-berilui-mumkin-50468023.html
алакөл
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1d/55207671_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_4130f5dd1219a2ba75a845ec391718c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл, туризм, абай облысы
алакөл, туризм, абай облысы
Түркия мен Мысырдай болады: Алакөлдің бас жоспары таныстырылды
300 гектарды құрайтын жағажай аумағы ұлғайтылады
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Алакөл туристік аймағын кешенді түрде дамыту бойынша тұжырымдама таныстырылып, мамандар бас жоспарды әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Оған сәйкес, 300 гектарды құрайтын жағажай аумағын ұлғайту жоспарланып отыр. Көлдің оң жағалауында сазды жер көп. Сондықтан сол жағалауды ұзартуға шешім қабылданды. Ал жаңа бас жоспарды дайындау барысында Түркия мен Мысырдың жағажай инфрақұрылымын дамыту үлгілері негізге алынады.
"Әлемдік стандарттарға сәйкес, су шетінен 100 метр қашықтықта құм жатуы керек. Алакөл жағалауы аббатандырылады, жаяу жүргіншілерге арналған қыдыру аймақтары да болады", - делінген хабарламада.
Бүгінде "Сан Бао", "Ванджан" мен "Juding Group" компаниялары Алакөл экономикалық форумының конференциялық орталығы, халықаралық мейманхана, жоғары сапалы ағаш үйлер (эко-үйлер), ғарыш базасының сауықтыру орталығы, Қазақстанның халық мәдениеті көрме-сауық орталығы, су сарайы, отбасылық ғылыми-зерттеу базасы секілді жобаларға инвестиция салуға дайын.
Олар жақын арада көлдің жағалауына бірден құрылатын 100 үйді қойып беруге әзір екенін де айтты. Облыс әкімі Берік Уәли жергілікті компаниялармен бірлескен концорциум негізінде жобаларды іске асыруға тапсырма берді.