Степногор қаласының жылу желілері 75 процентке тозған

© Photo : акимат Акмолинской областиСтепногор қаласының жылу желілері 75 процентке тозған
Степногор қаласының жылу желілері 75 процентке тозған   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2025
Жазылу
Арнайы бағдарлама аясында екі негізгі қазандық агрегаты күрделі жөндеуден өтеді
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Степногор қаласының жылу желілерін тексеріп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала басшылығының есебіне сәйкес, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 81%-дан 75%-ға дейін төмендеген. Бүгінде алдымен қатты тозған 6,3 шақырым жылу магистралін жөндеу жоспарланып отыр. Оған үкімет резервінде қажетті қаражат қарастырылған. Ал ұлттық жоспар аясында жалпы ұзындығы 9,5 шақырым құрайтын ЖЭО-дан қалаға дейінгі жылу трассасын толықтай қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
"Бұдан бөлек, жеке инвестор мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында станцияны жаңғыртуға арналған өз бағдарламасын іске асыруда. Бұл бағдарлама аясында екі негізгі қазандық агрегаты – №2 (1966 ж.) және №5 (1973 ж.) күрделі жөндеуден өтіп, барлық турбиналық және қосалқы жабдықтар жаңартылатын болады", - делінген ресми хабарламада.
Степногорск қаласына барған министр жергілікті атқарушы органдар мен ЖЭО басшылығына барлық жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды. Жылу маусымына жауапты тұлғалардың жеке жауапкершілігін де еске салды.
Жаңалықтар
0