https://sputnik.kz/20250628/toqaev-alemdik-neyrokhirurgiya-salasynyn-okilderimen-kezdesti-55180169.html
Тоқаев әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті
Тоқаев әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген 28.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-28T14:05+0500
2025-06-28T14:05+0500
2025-06-28T14:05+0500
президент
ақорда
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55178522_0:56:1280:776_1920x0_80_0_0_e366b7fd516aaf7ebbbf6ffff50db896.jpg
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. ️Қасым-Жомарт Тоқаев Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады.Президенттің айтуынша, мұндай форумның Қазақстанда өтуі отандық нейрохирургия жетістіктерінің кеңінен мойындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекет басшысы Конгресс нейрохирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып, озық тәжірибе мен технология алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нейрохирургияда жасанды интеллектіні қолдануға айрықша мән беретініне назар аударды. Сол арқылы медицинаның жоғары технологиялы салаларын белсенді дамытуды қолға алғанын жеткізді. Оның айтуынша, цифрлы және роботты технологиялардың арқасында отандық нейрохирургия саласы өркендеп келеді.Мемлекет басшысы Қазақстан медициналық технологияларды трансферттеуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін айтты.Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Қазақстандағы нейрохирургияны дамыту мүмкіндіктерін жоғары бағалап, маман даярлау және озық технологиямен алмасу тұрғысынан қолдау білдіруге уағдаласты.Қасым-Жомарт Тоқаев мазмұнды әрі нәтижелі пікір алмасу үшін ризашылығын білдірді.Сондай-ақ денсаулық сақтау министріне нейрохирургияға, жалпы медицина саласына озық технологияларды енгізу шараларын жандандыруды, Қазақстанда шетелдіктерді емдеу бойынша көрші мемлекеттермен үкіметаралық келісім жасау туралы Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақовтың ұсынысына қатысты жұмыс жүргізуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20250627/toqaev-zhogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenes-otyrysyna-qatysty-55159610.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55178522_86:0:1195:832_1920x0_80_0_0_d25fa91f32fff9bff61e97008267875f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ақорда
Тоқаев әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті
Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. ️Қасым-Жомарт Тоқаев Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады.
Президенттің айтуынша, мұндай форумның Қазақстанда өтуі отандық нейрохирургия жетістіктерінің кеңінен мойындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекет басшысы Конгресс нейрохирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып, озық тәжірибе мен технология алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.
"Ұлт саулығы – кез келген елдің қарқынды дамуының негізі. Сондықтан денсаулық сақтау ісін жан-жақты өркендету мемлекеттік саясатымыздың негізгі басымдығы саналады. Қазақстан медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға, маман даярлауға, үдерістерді цифрландыруға және аталған салаға инновациялық әзірлемелерді енгізуге мол қаржы бөледі", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нейрохирургияда жасанды интеллектіні қолдануға айрықша мән беретініне назар аударды. Сол арқылы медицинаның жоғары технологиялы салаларын белсенді дамытуды қолға алғанын жеткізді. Оның айтуынша, цифрлы және роботты технологиялардың арқасында отандық нейрохирургия саласы өркендеп келеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан медициналық технологияларды трансферттеуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін айтты.
"Нейрохирургия сияқты жоғары технологиялы салада медициналық туризмді дамыту ісінің әлеуеті зор. Осы бағытта табысқа қол жеткізу үшін орнықты мемлекетаралық байланысты жолға қоюға дайынбыз", – деді президент.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Қазақстандағы нейрохирургияны дамыту мүмкіндіктерін жоғары бағалап, маман даярлау және озық технологиямен алмасу тұрғысынан қолдау білдіруге уағдаласты.
Қасым-Жомарт Тоқаев мазмұнды әрі нәтижелі пікір алмасу үшін ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министріне нейрохирургияға, жалпы медицина саласына озық технологияларды енгізу шараларын жандандыруды, Қазақстанда шетелдіктерді емдеу бойынша көрші мемлекеттермен үкіметаралық келісім жасау туралы Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақовтың ұсынысына қатысты жұмыс жүргізуді тапсырды.