https://sputnik.kz/20250628/dzhip-minip-ketken-aqtobe-oblysynda-zeynetker-nemeresimen-birge-suga-batyp-ketti-55194851.html
"Джип мініп кеткен": Ақтөбе облысында зейнеткер немересімен бірге суға батып кетті
"Джип мініп кеткен": Ақтөбе облысында зейнеткер немересімен бірге суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр 28.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-28T17:17+0500
2025-06-28T17:17+0500
2025-06-28T17:19+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/old/1283/41/12834181_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_cd80f62643ef71ba5425eb078c29d496.jpg
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында джип көлігін мінген зейнеткер немересімен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қайғылы оқиға Хромтау ауданында болған. 25 маусым күні шұғыл желіге 1959 жылы туған зейнеткер мен оның кәмелетке толмаған немересі Кұдықсай ауылынан Toyota Hilux автокөлігімен Бозжыр аумағына қарай шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден іздестіру шараларына кіріскен. Келесі күні кешкі сағат 19:30 шамасында Кұдықсай ауылы маңындағы Ор өзенінің арнасын қарау кезінде автокөлік табылды.Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Құтқарушылар су айдындарының маңында және қиын қолжетімді жерлерде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Ал төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу керек.
https://sputnik.kz/20250610/54472387.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1283/41/12834181_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_40941cbc8f00dc92bcd164c4fae43d0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
"Джип мініп кеткен": Ақтөбе облысында зейнеткер немересімен бірге суға батып кетті
17:17 28.06.2025 (жаңартылды: 17:19 28.06.2025) Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында джип көлігін мінген зейнеткер немересімен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Хромтау ауданында болған. 25 маусым күні шұғыл желіге 1959 жылы туған зейнеткер мен оның кәмелетке толмаған немересі Кұдықсай ауылынан Toyota Hilux автокөлігімен Бозжыр аумағына қарай шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден іздестіру шараларына кіріскен.
Келесі күні кешкі сағат 19:30 шамасында Кұдықсай ауылы маңындағы Ор өзенінің арнасын қарау кезінде автокөлік табылды.
"Сүңгуірлер жүргізген жұмыстар нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен, жағадан 4 метр қашықтықта баланың денесі, сондай-ақ көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Құтқарушылар су айдындарының маңында және қиын қолжетімді жерлерде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Ал төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу керек.