Астанада БАҚ қызметкерлері баспаналы болды

© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігіАстанада БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Астанада БАҚ қызметкерлері баспаналы болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2025
Жазылу
Пәтер иелерінің қатарында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бар
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Астанада БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаты табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Дәстүрлі шарада "Dara" президенттік бастамалар қорының есебінен сатып алынған пәтерлер сыйға тартылды. Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекет басшысының медиа саласына көрсетіп отырған қолдауын ерекше атап өтті.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл үшінші жыл қатарынан журналистерге пәтер беру шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл – президенттің отандық медиа қызметкерлеріне деген үлкен қолдауы. Биыл пәтерлер тек журналистерге ғана емес, режиссерлерге, операторларға, корректорларға және отандық медианың өзге де мамандарына беріледі", - деді Желдібай.
Оның айтуынша, пәтер иелерінің қатарында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бар.
Пәтер сертификаты "Qazaqstan" республикалық телерадиокорпорациясы, "Хабар" Агенттігі" АҚ, "Qazcontent" АҚ, "Қазақ газеттері" ЖШС, "ЕВРАЗИЯ+ОРТ" ЖШС, "Atameken Business" медиахолдингі, Tengrinews және басқа да медиа ұйымдардың қызметкерлеріне табысталды.
Айта кетері, 2023 жылы бес мемлекеттік БАҚ-тың 65 қызметкері пәтер алса, 2024 жылы түрлі медиа құрылымдарда еңбек ететін 68 қызметкер баспаналы болды. Биыл журналистер мен техникалық мамандарды қолдау мақсатында 66 адамға пәтер сертификаты салтанатты түрде тапсырылды.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын кімдер алды
Жаңалықтар
0