Алматыда ағашты кеспей көше жарығын күшейтетін әдістер қолданылып жатыр

© Photo : пресс-служба ТОО ABM GroupАлматыдағы көше жарығы
Алматыдағы көше жарығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2025
Жазылу
Цирк ғимаратының алдында жарық берудің арнайы жоспар бойынша пилоттық учаске ұсынылды
АСТАНА, 28 маусым - Sputnik. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кешкі уақытта қаланың орталық бөлігіндегі сыртқы жарықтандыру нысандарын аралады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Абай және Сейфуллин даңғылдары, Әйтиев көшесі мен цирк алдындағы алаң тексерілді.
"Ағашты кеспей, жарығы әлсіз күңгірт жерлерді жарықтандыруға бағытталған шешімдер ұсынылды. Ұзындығы 4 метрге дейінгі кронштейндер қолданылып жатыр. Абай даңғылының өзінде 293 кронштейн мен 634 жарық шамы орнатылған, аллея бойында 253 прожектор қойылған", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, Әуезов көшесінің бойында 30 кронштейн мен 170 шам орнатылған. Сейфуллин даңғылында екіжақты кронштейндер қойылып, 18 кронштейн мен 36 жарық шамы орнатылды.
Цирк ғимаратының алдында жарық берудің арнайы жоспар бойынша пилоттық учаске ұсынылды. Жобаны 2025 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланған.
Әкім барлық жаңғырту кезеңін қауіпсіздік пен көгалдандыруды сақтау және Алматының сәулеттік келбетін ескере отырып жүргізуді тапсырды.
Алматы маңындағы шатқалда жаңа көпір пайдалануға беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Ұзындығы 77 метр: Алматы маңындағы шатқалда жаңа көпір пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
0