https://sputnik.kz/20250627/sergek-drondarga-ornatylady-55152161.html
Sergek дрондарға орнатылады
Sergek дрондарға орнатылады
Sputnik Қазақстан
Дрондар жол ережесін бұзғандарды, алимент төлемегендер мен борышкерлерді анықтауға көмектеседі 27.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-27T12:25+0500
2025-06-27T12:25+0500
2025-06-27T12:25+0500
сергек
астана
дрон
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55148610_0:56:1773:1053_1920x0_80_0_0_26b8e82ce85a53f9d51f850fbe92b611.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Астанада дрондарға орнатылған Sergek жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.Бұл құрылғылар полицейлерге іздеу жарияланған көліктерді анықтауға көмектеседі.Ішкі істер министрлігі, "Қазақтелеком" АҚ және отандық ІТ әзірлеушілер жаңа технологияны сынақтан өткізіп жатыр.Sergek жүйесімен интеграцияланған дрондар нақты уақыт режимінде жол ережесін бұзғандарды, алимент төлемегендер мен борышкерлерді анықтауға, ақпаратты полиция планшеттеріне жылдам жеткізуге және сол арқылы құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.Сондай-ақ "Қазтелеком" дрондарды бейнебақылау жүйелеріне, соның ішінде қалалық орта мониторингі мен орман алқаптарындағы өрттің алдын алу бағытындағы жобаларға енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.Сынақ аясында Sergek Group әзірлеушілері ІІМ және "Қазтелеком" АҚ өкілдерімен бірлесе отырып, патрульдеу форматынан бастап нақты бағытталған іздестіруге дейін дрондарды әртүрлі бағытта сынайды.
https://sputnik.kz/20231219/almatyda-sergek-zhayau-zhurginshilerdi-otkizbeytin-zhurgizushilerdi-tirkeytin-bolady-41025910.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55148610_148:0:1625:1108_1920x0_80_0_0_22c8c0cdf581ba9a3a761db6bfc3a4aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сергек, астана, дрон
Sergek дрондарға орнатылады
Дрондар жол ережесін бұзғандарды, алимент төлемегендер мен борышкерлерді анықтауға көмектеседі
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Астанада дрондарға орнатылған Sergek жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.
Бұл құрылғылар полицейлерге іздеу жарияланған көліктерді анықтауға көмектеседі.
Ішкі істер министрлігі, "Қазақтелеком" АҚ және отандық ІТ әзірлеушілер жаңа технологияны сынақтан өткізіп жатыр.
Sergek жүйесімен интеграцияланған дрондар нақты уақыт режимінде жол ережесін бұзғандарды, алимент төлемегендер мен борышкерлерді анықтауға, ақпаратты полиция планшеттеріне жылдам жеткізуге және сол арқылы құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.
"Интеллектуалды бейнебақылау жүйесімен жабдықталған дрондар нақты уақытта заң бұзушылықтарды тіркеп, бағдар берілген көліктерді табуға және мәліметтерді жедел түрде жердегі патруль қызметіне жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл тек жедел әрекет етуді ғана емес, жол апаттарын азайтып, жолдағы тәртіпті күшейтуге де ықпал ететін шешім", – деді ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сергей Варго.
Сондай-ақ "Қазтелеком" дрондарды бейнебақылау жүйелеріне, соның ішінде қалалық орта мониторингі мен орман алқаптарындағы өрттің алдын алу бағытындағы жобаларға енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сынақ аясында Sergek Group әзірлеушілері ІІМ және "Қазтелеком" АҚ өкілдерімен бірлесе отырып, патрульдеу форматынан бастап нақты бағытталған іздестіруге дейін дрондарды әртүрлі бағытта сынайды.